Атырау, 26 сәуір 08:36
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Қазақстандық олигарх Розинов әлемдегі екінші латифундист", "Айдос Сарым: «Жер комиссиясындағы билікті жақтаған азаматтардың көпшілігі пікірін өзгертуде»", "Мұстафа Өзтүрік: “Барлығының елі бар, менің елім қайда?"", "Девальвацияның алтыншы толқыны...

2 330 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Чернобыль ардагерлері биліктен көмек сұрайды" - Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан Қарағанды облысының тұрғындары жеңілдіктер жайын сұрау үшін жергілікті билікпен кездесуге мүмкіндік алды. Апаттан соң 30 жыл өткенде Чернобыль ардагерлері өздерін ұмыт қалғандай сезінеді. Күнделікті өмірдің қиындығын тартып келе жатса да, олардың көбі өздері жайлы әңгімеден қашқақтайды, өткенді еске алып, өміріне шағымданғысы келмейді.

"Үй заңдастыру қиындығы отбасыны қарызға батырды" - Астаналық бес жанды отбасыға баспанасы мен 16 сотық жерінен айырылып, банк алдында ондаған миллион теңге қарыз болып қалу қаупі төніп тұр. Үш үйдің екеуі "заңсыз салынған" деп танылғандықтан иелеріне өтемақы берілмейді.

"Ереванда қарулы топ дәрігерлерді кепілге алды" - Ереванда полиция ғимаратын басып алғандар үш дәрігерді кепілдікке алды. Билікке саяси талап қойып отырған топтың екі мүшесі жараланып, ауруханаға түскен. Топты жақтайтындар олармен биліктен келіссөз өткізуді талап етіп, шеру өткізді.

ABAI.KZ. "«Новое время» неге мемлекеттік тілді мұқатады?" - «Новое время» – Павлодарда шығатын орыстілді тәуелсіз басылымдардың бірі, құрылтайшысы Сергей Стрюк деген ірі кәсіпкер, редакторы Ирина Лебедева деген журналист. Әубастан-ақ газет авторларының тіл және ономастика саясаттарына қатысты материалдарынан редакцияның ұстанымы айқын аңғарылған.

"Путинге тықыр таянды" - Cолтүстіктегі құдайы көршілеріміздің жаһандық саясаттағы суық қадамдары онымен интеграциялас елдердің де экономикасына әсер етпей қоймасы анық. Ескі һәм жаңа одақтасымыздың Еуропа және Солтүстік Атлантида қауымдастығымен арасының алшақтауы, Батыстың Ресейге салған экономикалық санкцияларының салқылы Қазақстанның да қазынасын ортайта бастағаны жасырын емес. Арнайы «Abai.kz» порталына пікір білдірген саясаттанушы Әзімбай Ғали тең бәсекелес емес, монополистік жүйеге негізделген, әубаста Еуропалық одақтың аналогы ретінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі тізгіншісі – Владимир Владимиричтің әлемдік аренадағы агрессиясы – оның саяси карьерасына тықыр таянғанын айтады.

"Қазақстандық олигарх Розинов әлемдегі екінші латифундист" - «Жер сатылады, шетелге 25 жылға, әсіресе, Қытайға жалға беріледі» деген хабар дүңк етіп естілгеннен бері жүрегіміз жай соқпай дүңкілдеп соғатын болды. Күндіз күлкіміз, түнде ұйқымыз бұзылды. Президентіміз ол заңсыз қабылданған заңға жыл аяғына дейін мараторий жариялап, жер комиссиясы құрылып, жұмыс жасай бастағаннан кейін, оның әр кеңесінің нәтижесін майдан-ұрыс даласынан жеткен хабардай жүрегіміз лүпілдеп, қобалжып күтетін болдық. Ондағы қос Мұхтар бастаған халық өкілдері, ұлт патриоттарының әр сөзін интернет желісінен демімізді ішке тартып отырып оқып, тыңдайтын болдық. Жер қайғысы бар қайғыдан ауыр болады екен ғой. Бірақ, қайғырмақ тұрсын жерді сатайық деп желпілдеп жүргендер туралы не айтуға болады?!

KAZ.365INFO.KZ. "Айдос Сарым: «Жер комиссиясындағы билікті жақтаған азаматтардың көпшілігі пікірін өзгертуде»" - Саясаттанушы, Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Айдос Сарым комиссияның жұмыс нәтижесіне және жалпы алғандағы жер дауының немен аяқталарына қатысты өз көзқарасын білдірді.

"Девальвацияның алтыншы толқыны: банктер де, халық та дайындалуда" - Маусымдағы валюта сатылымның күрт артуы күдігімізді растады. Бұл — алдымызда күтіп тұрған девальвацияның белгісі.

ZHASALASH.KZ. "Кiтап және IQ" - Бас прокурор Жақып Асанов қоластындағы қызметкерлерге кiтап оқуға кеңес бердi. Расында, прокуратура қызметкерлерi аздап таным-түсiнiгiн кеңейтiп, жайлап ой-өрiсiн дамытпаса, жағдай қиындап кеткен секiлдi. Өйткенi қазiр әлеу­еттi құрылымда “адасып" келгендер мен адал жұмыс iстейтiн­дер­дi айыру қиындаған. Ал халық кө­ңi­лiнде “прокуратураға тек “көке­сi" барлар ғана кiре алады" деген пiкiр қалыптасқан. Мұны бас прокурордың өзi айтты. Демек, мәселе мәз емес. Ал оны шешудiң қандай жолы бар?

QAMSHY.KZ. "Білім иесі. Ол кім?" - Оны анықтау үшін әуелі білімнің мәніне үңіліп көрейік. Өкінішке қарай, біз мамандықты да білімге жатқызып жүрміз. Жатқызып жүргеніміз жоқ, жалпы білімді сол деп қабылдаймыз. Сондықтан мамандық алу үшін шетел асып кететіндерді де білім алып жүр деп ойлаймыз. Білген жөн. Ол – білім емес.

"Энергия үнемдеуші шамдардың адам ағзасына зияны туралы не білеміз?" - 2009 жылдың 1 қыркүйегінде ЕО елдерінде 100 Ватт және одан да көп қуатты шамдардың сатылымына тыйым салынды. 2012 жылдың қыркүйегіне қарай шамдардан толығымен бас тарту жүзеге асырылу жоспарланды. Алайда, Брюссель сарапшылары әдеттегі шамдарды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру – адам денсаулығына теріс әсер ететіні туралы ескертеді.

DALANEWS.KZ. "Мұстафа Өзтүрік: “Барлығының елі бар, менің елім қайда?"" - Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің тіл туралы айтқан пікірі әлі күнге дейін өзекті. 1990-шы жылы елге оралған Мұстафа Қазақстандағы қазақ тілінің аянышты халіне қынжылыс білдіріпті. Сонымен ол не деді?

ULT.KZ. "Қазақ даласының бір жарым ғасыр бұрынғы бейнесі" - Алматыда қазақтардың 19-ғасырдың ортасындағы тұрмысын сипаттаған британ саяхатшылар Томас және Люси Аткинсонның жазбалары мен суреттері таныстырылды. Қазақстанды аралаған саяхатшылар туралы кітаптың презентациясына Алатау Тамшыбұлақ есімді жалғыз ұлынан тараған ұрпақтары келді.

TURKYSTAN.KZ. "Ресей мен Түркия қатынасы жандануда" - Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 9 тамызда Санкт-Петербургке келеді. Түркия вице-премьері Мехмет Шимшек ресейлік әріптесі Аркадий Дворковичпен кездесуі барысында осылай деді.



28 шілде 2016, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.