Атырау, 2 мамыр 03:10
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ұлттық гвардия офицері әйелін ұрып өлтірді

2 379 просмотра

№2 Атырау қалалық соты ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның №5546 әскери бөлімше ротасының командирін екі айға қамауға алуға санкция берді.

Тергеу жорамалы бойынша, 30 жастағы күдікті мас күйде әйелімен және қызымен тұратын жалға алған үйіне келеді. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, офицер әйелін өлімші етіп сабаған соң, ол көп ұзамай көз жұмған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Тергеуші судья екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
26 шілде 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.