Атырау, 26 сәуір 15:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Адамдар қайда жоғалып жатыр?", "Ресей Орта Азияда „гибридті соғыс„ жүргізуге ниетті ме?", "Әскердегi өлiм көбеймесе, азаяр емес", "Ф.Гулен: "демократияға төңкеріс арқылы қол жеткізуге қарсымын!"", "Сiз не дейсiз?"

2 280 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ресейдегі биліктің бизнеспен жымдасуы" - Ресей билігі өз құралы санайтын бизнеспен біте қайнасып жатыр. Мұндай «гибридтік басқару» түрі әлдекімдерге оңтайлы көрінгенімен, ол Ресейдің болашағына үлкен қауіп төндіреді дейді сарапшылар.

"Адамдар қайда жоғалып жатыр?" - Қазақстанда жоғалып кеткен екі жарым мың адамнан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Мамандар адамдардың жоғалуының басты бірнеше себебі барын айтады.

KAZ.365INFO.KZ. "Министрлік райынан қайтты. АИ-80 жанар-жағармайы құнының шекті бағасы белгіленді" - Бір ай бұрын бағаны еркіне жіберу туралы ойларын ортаға тастап, елді бір дүрліктірген ҚР Энергетика министрлігі, ақыры АИ-80 жанар-жағармайының шекті бағасын белгіледі. АИ-80 жанар-жағармайының 1 литрінің шекті бағасы 89 теңге болып нақтыланды.

"Бас мүфтиді патриарх Кириллмен салыстыру кімге керек болды?" - Алты адамның қаны төгілген Алматыдағы атыстан кейін, бұл оқиғаның қалай болғанын және не себепті орын алғанына қатысты сауалдарға жауап іздеушілер көбейді. Біреулер мұны полицияның өзінен көрді, ал енді біреулер Ислам дініне жапты. Әркім өз дегенінде тұруға тырысты. Біздің бұларға баға бергіміз жоқ.

"Ресей Орта Азияда „гибридті соғыс„ жүргізуге ниетті ме?" - Жуырда дәл Сириядағы жағдай әлемнің кез-келген елінде, оның ішінде, Орта Азия мен Қапқаз аймағында бұрқ ете қалуы ғажап емес, деген Ресейдің Қорғаныс министрі, осы өңірдегі қауіптің алдын алу үшін Ресейдің қам-қарекетке кірісетінін мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Ресей әскерінің Қазақстанға кіргізілуі мүмкін бе? kaz.365info.kz ұлттық медиа-порталы отандық саясаттанушылардың осы мәселе төңірегіндегі пікірін білді.

ZHASALASH.KZ. "Қазақстандық полиция халықты қорғай ала ма?" - Бұл сұрақ жұртты бұрын да ойландыратын. Өйткенi 2011 жылы жалғыз Қариев Таразды төңкерiп кете жаздаған. Оның қолынан бес полиция қызметкерi мен екi бейбiт тұрғын қаза тап­қан едi. Мұндай оқиға Алматыда да қайталанды. Күлiкбаевтың бүлiгi бүкiл Қазақстанды дүр сiлкiн­дiрдi. Бұл жолы бейбiт тұрғындарды қоспағанда төрт полиция қызмет­керi оққа ұшты.

"Сiз не дейсiз?" - 18 шiлдеде Алматыда болған жағдай туралы әркiм әртүрлi көзқараста. Бiреулер мұны күш құрылымдарына кектенген адамның өш алуы десе, ендi бiреулер саяси-әлеумет­тiк, тiптi дiни астары бар арнайы шабуылға жориды. Ал саясаттанушылардың бұл оқиғаға қатысты пiкiрi қандай?

"Әскердегi өлiм көбеймесе, азаяр емес" - Алматы облысынағы Сарыөзек әскери лазаретi тек соңғы екi айдың iшiнде үш солдаттың мәйiтiн шығарды. Оның бiрi 19 жастағы жас сарбаз шаруашылық паркiндегi жұмыстармен айналысып жатып қаза болса, тағы бiрi асылып қалған жерiнен табылды. Ал 18 жастағы маңғыстаулық Даниэль Сайфуллин осыдан он шақты күн бұрын ғана ересек сарбаздардың соққысынан көз жұмды. Әр өлiмге қорғаныс министр­лiгi­нiң өз ай­тары бар. Бiрақ ол өрiмдей жастардың өмiрiн қайтармайды. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұратын Инга Сайфуллина ендiгi ұлын жер қойнына тапсырып, бейiтiн де көтерiп үлгердi. Оның қолында 13 тамызда барамын деп жоспарлап, баласының көзi тiрiсiнде алған ұшақ билетi тұр.

ABAI.KZ. "Ф.Гулен: "демократияға төңкеріс арқылы қол жеткізуге қарсымын!"" - Түркиядағы әскери төңкерістен кейін ел Президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Фетхуллах Гүлен арасы тіптен шиеленісіп кетті. Журналистер қауымы Р.Ердоғанның Ф.Гүленге қатысты мәлімдемесіне ерекше назар аударып, ат басын Америкаға бұрды. Мұхиттың арғы бетінде қарапайым тіршілік кешіп жатқан Ф.Гүленнің де айтары бар екен. Ендеше, шетелдік белді басылымдардың басын қосып брифинг өткізген Фетхуллах Гүленнің баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.

""Қалыпты сәләфизм" деген бола ма?" - Соңғы кездері қоғам арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында, тіпті билік басында «қалыпты сәләфизм» (умеренный саляфизм) деген ұғым бой көрсетіп, кең талқылауға түсіп жүр. Тіпті, есімі елге белгілі кейбір сарапшыларымыз «қалыпты сәләфизмді» жақтап, диссертациялық жұмыс жазып жүрсе, танымал саясаттанушыларымыз солардың шашпауын көтеріп аудиториясы ауқымды БАҚ беттерінде сұхбат беріп жүр. Олардың сендіруінше, сәләфизм (уаһабшылық) екі түрлі болады: бірі қолына қару алған сәләфилер болса, енді бірі – бейбітшілікті ту еткен, билікке қарсы шықпайтын қалыпты сәләфизм.

QAMSHY.KZ. "Салафиттер қайдан шықты?" - Бұлар қару кезеніп, оңды-солды неге оқ атып жүр? Меніңше, бұған ең алдымен жастар келешегіне сенімді болуы үшін лайықты жұмыс, баспана және басқасымен қамтамасыз ете алмаған мемлекетіміз кінәлі.

TURKYSTAN.KZ. "Екінші Елизавета — британ халқының «тірі» тарихы" - Ол тұңғыш телевизор жасалған жылы дүниеге келген. Гитлердің билікке келу жолына куә болған, одан соң 57 жылдан кейін Берлин қабырғасының құлағанын көрген. Айдың бедерінде оның микрофильмде жазылған сәлемі сақтаулы. Тұтас империялар ыдырап, жаңа мемлекеттер құрылып, дәуір өзгеріп, заман алға жылжып жатыр, ал ІІ Елизавета алпыс төрт жылдан бері тақтан түскен емес.

"Күнгейден бағыт алған көш — сауатты көші-қон саясаты басталды" - Демографиялық өсу жағынан елімізде көш бастап тұрған оңтүстік өңірде туу көрсеткіші басым. Әрбір бесінші бала осы өңірде өмірге келеді. Бір отбасында бес баладан кем емес. Алайда, жұмыс табылып, баспана беріліп жатса, неге солтүстік өңірге көшпеске?! Сол ағайынға барып «сулы-нулы солтүстікке, шығысқа қарай көшсеңіздерші, барлық жағдай жасалады» деп үгіттесе, «жарайды» деп бірден келісе кетуі екіталай. Мың ойланып, жүз толғанады.

QAZAQUNI.KZ. "Талғат Рысқұлбек мешіт имамдары мен ҰҚК қызметкерлерін сынға алды" - Алматы тұрғыны, желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтың бауыры Талғат Рысқұлбек елдегі діни ахуалға байланысты пікірін білдіріп, әлеуметтік желіде видео үндеу жариялады


21 шілде 2016, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.