Атырау, 26 сәуір 12:14
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Аудан жаңалықтары

2 899 просмотра

Махамбет ауданы

Махамбет аудандық әкімдігі Махамбет поселкесінде балабақша мәселесі толық шешілді деп хабарлады.

Бұған дейін әкімдікте балабақшадан орын алу үшін берілген 400-ге жуық арыз бар еді. Жақында ТШО-ның демеушілігімен 280 орындық балабақша пайдаланылуға берілді. Енді соған балаларды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

***

Құрманғазы ауданы

Құрманғазы ауданындағы 16 ауылдық округтегі 45 шақырым болатын бөгеттер осы кезге дейін заңдастырылмаған. Көптеген бөгеттер жөндеуді талап етеді, ал құжаттар болмаса оларды жөндеу мүмкін емес.

Биыл Қиғаш арнасынан су тасып, Дәшін ауылдық округіндегі осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғызылған бөгеттер бұзылған болатын.

- Бөгеттердің мемлекеттік актісі мен техникалық құжатын ресімдеу үшін 25 млн теңге қажет, - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ. – Бұл сома аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Жобалық-сметалық құжаты жасақталғаннан кейін бөгеттердің күрделі жөндеуіне қанша қаржы керек екені айқын болады.

***

Қызылқоға ауданы

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы мектепті осыдан он жыл бұрын бітірген түлектер ауыл көшелерінің бірін жөндеуге кірісті.

Ұзындығы 600 метр болатын М. Зұлқанов көшесінің жолын жөндеу үшін түлектер техниканы жалға алып, өздері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ауыл тұрғындары олардың игі істеріне қуанып, алғыстарын жаудырды.

21 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.