Атырау, 18 мамыр 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Амангелді АЙТАЛЫ: Біз әлі отаршылдықтың ақпараттық кеңістіктігінде өмір сүріп жатырмыз", "Төлешовке «тiркеу»", "Жер сатудың «пайдасы» мен зияны", "Ғаламтор, телефон арқылы некелесіп, талақ алған қыздар Сирияда жезөкшеге айналуда"

2 125 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ердоғанның «гүленшілерге қарсы соғысы» Қазақстанға жете ме?" - Түркияда сәтсіз төңкерістен кейін мыңдаған адам қамалып не қызметтерінен қуылып жатыр. Анкараның бұл әрекетін 15 шілде оқиғасына «айыпты» делінген Гүленнің жақтастарына қарсы науқан деп сипаттайды.

"Журналист Павел Шеремет мерт болды" - Журналист істеген «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Богдан Хмельницкий мен Иван Франко көшелерінің қиылысында болған. Редакцияға бағыт алған журналист отырған автокөлік орнынан қозғалған соң оншақты метр ғана жүріп өтіп, іле-шала жарылыс болған.

"Еуропада ИМ стратегиясы жүзеге асып жатыр ма?" - Брюссель, Париж (екі рет), енді міне Ницца: 18 айдың ішінде жиһадшылар төрт шабуыл жасады. «Ислам мемлекеті» (ИМ – Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобының бүлігі Еуропаға жетті және бұл бар проблеманың тек басы ғана сияқты.

BAQ.KZ. "Амангелді АЙТАЛЫ: Біз әлі отаршылдықтың ақпараттық кеңістіктігінде өмір сүріп жатырмыз" - Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі дұрыс мән берілмей келе жатқан үлкен мәселені атады. Ол — христиандықтың үстемдігі. Бұдан тыс біздің медиа-порталға берген өз сұхбатында қоғам қайраткері Ақтөбе мен Алматыда бой көрсеткен лаңкестік актілер елімізде азаматтық қоғамның қалыптаспай жатқанын аңғартты деп атап өтті.

KAZ.365INFO.KZ. "Аман қалған „дала аруы„ — ақбөкен саны көбеюде" - Былтырғы қырғаннан кейін дала аруы атанған ақбөкен аман қала ма екен деп алаңдаған едік. Жақында мамандар қазақстандық ақбөкендерді әуеден санап шықты. Сүйіншілеген санақ нәтижесі күпті көңілімізді орнына түсіріп қана қоймай, қуантып тастады десек, артық айтқандық емес. Дала аруы қырғыннан аман қалыпты, онысымен қоймай, ақбөкен басы көбейе бастапты!

ZHASALASH.KZ. "Төлешовке «тiркеу»" - Жер саудасына қатысты митингiге байланысты қамауға алынып, абақтыда жатқан Талғат Аян жуырда халыққа хат жазған едi. Онда ол өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдей отырып, тағылған айыптаулардың күл-талқанын шығарған. Дегенмен әлеуметтiк желiде Талғатқа тағы бiр айып тағылуы мүмкiн екенiн әйгiлейтiн және бiр ақпарат пайда болды. Ондағы деректерге қарасақ, Талғат Аян қазақ жерiн сатуға қарсылық танытқан қоғам белсендiсi емес, терминатор-Төлешовтен ақша алып, халықты көтерiлiске үндеген басбұзар болып шығады.

"Ермек елден кеттi" - Азаматтық белсендi Ермек Нарымбаев Қазақстаннан жасырын шығып, Украинаны паналады. Заңсыз митинг үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылып, 15 тәулiкке қамалған Мөлдiр Әдiлованың да Ермекпен бiрге елден кеткенi расталды.

ABAI.KZ. "Жер сатудың «пайдасы» мен зияны" - 2016 жылдың Наурыз айының соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет шілденің 1-інен бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сәуірдің 24-інен бері Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Орал қалаларында жер туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы ірілі-ұсақты наразылық акциялары өтуіне байланысты 1 мамыр 2016 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексінің даулы баптарының күшін уақытша тоқтатты.

"Жаңаөзен құрбандарына 500 мың... Алматыда шейіт болғандарға..." - «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» - дейді Конституциямыз. Менің бұған күмәнім бар. Заңгерлік қызметімде адамдардың атқаратын лауазымына, әлеуметтік жағдайына т.б.байланысты өзара теңсіздігіне жиі куә боламын.

QAMSHY.KZ. "Ғаламтор, телефон арқылы некелесіп, талақ алған қыздар Сирияда жезөкшеге айналуда" - Cоңғы уақытта қыздар арасында "дін жолына түсем деп, тұнығымды былғадым" деп айтатындар көбейіп барады. Жігіттер өздеріне ұнаған діндәр қыздармен ғаламтор немесе телефон арқылы танысып, некелесе салады дейді аталмыш орталықтың қызметкерлері.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақстандағы лаңкестік оқиғалар «қалыпты салафилік» деген ұғымды жоққа шығарды" - Еліміздегі лаңкестік оқиғалардың діни астары туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

TURKYSTAN.KZ. "Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының арманы" - Баспана – адам өміріндегі басты қажеттілік. Оны қамтамасыз етпей, қоғамның қандай да бір әлеуметтік басымдылықтары туралы сөз қозғау әбестік. Ал тұрғын үйге қол жеткізудің қандай жолы бар?



20 шілде 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.