Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Төңкеріс жасауға талпыныстан соңғы төрт сұрақ", "Әлемдік бақ еліміздегі терактілерді жер реформасымен байланыстырды", "Талас Омарбек, тарихшы: Тарих ешкімнің ықпалына түспеуі керек", "Арменияда бүлiк шықты", "Қатаң жаза қандай болмақ?"

1 910 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Түркиядағы төңкерісті Ердоған ұйымдастырған шоу деген телеарна жазаланды" - Әзірбайжанда Түркиядағы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырудың басты күдіктісі атанған Фетуллах Гүленнен сұхбат алған әрі Түркияда болып жатқан оқиғаны „түрік билігінің ұйымдастырған шоуы„ деп, бағалаған телеарна жазаланды.

AZATTYQ.ORG. "Төңкеріс жасауға талпыныстан соңғы төрт сұрақ" - Түркияда 300-ге жуық кісі қаза тапқан төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасынан соң іле-шала 6 мыңға тарта күдікті тұтқындалды. Олардың көбі судьялар, прокурорлар және армия офицерлері.

"«Арменияда бұрын мұндай болған емес»" - Ереванда «Құрылтайшы парламент» оппозициялық қозғалысының қарулы белсенділері жексенбінің таңынан бері полиция учаскесінде бекініп отыр. Шілденің 18-і күні таңертең олар үш адамды босатқан, бірақ олардың қолында әлі үш кісі бар. Олардың арасында Армения полициясы басшысы орынбасары Вартан Егиазарян мен Ереван қалалық полициясы басшысы орынбасары Валерий Осипян бар. Полиция учаскесін басып алғандар абақтыда отырған әріптестері, «Құрылтайшы парламент» қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянның босатылуын және президент Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап етіп отыр.

"Алматыда не болды?" - Алматыда таңғы сағат 10:30 шамасында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі алдында атыс болып, 12:20-да қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. AzattyqLIVE бұл оқиғаны саясаттанушы Досым Сәтпаевпен талқылады.

ZHASALASH.KZ. "Түркияны өзгерткен түн" - Бiр қарағанда, Түркиядағы әскери төңкерiс жасау әрекетi бұған дейiнгi әскердiң елдегi жағдайға араласуынан еш айырмашылығы жоқ секiлдi көрiне­дi. Бiрақ бұл төңкерiс бұрынғыларға мүлдем ұқсамайды және сонысымен де саяси сарапшыларды былай қойғанда, түрiк халқының өзi үшiн де түсiнiксiз болып тұр.

"Арменияда бүлiк шықты" - Өткен жексенбiде Арменияда патрульдi полицияның полкiне шабуыл жасалып, полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрнеше адамды кепiлге ұстады. Шабуыл кезiнде бiр адам өлiп, төрт адамның жараланғаны туралы дерек бар. Полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрқатар саяси талаптар қойды.

ABAI.KZ. "Әлемдік бақ еліміздегі терактілерді жер реформасымен байланыстырды" - Кеше Алматы қаласында шетін оқиға болды. Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК ғимараттарына шабуыл жасалып, соның салдарынан үш полиция өкілі және бейбіт тұрғындар қаза тапты. Тағы алты адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Жер мәселесі көлеңкеде қалған жоқ па?" - Ақтөбе мен Алматыдағы терактілер еліміздегі басты проблема жер мәселесін көлеңкеде қалдырған жоқ па? Осы сұраққа жауап іздеп, жеркомның мүшелеріне хабарласуды жөн санадық.

QAMSHY.KZ. "Алматы нөсері бейкүнә жандардың қаны мен жасына жылап тұрғандай" - Осы бір тыныш та, әдемі қалада өмір сүріп жатқаныма 20 жылдың жүзі де болып қалыпты. Табиғат апаттары мен қылмыстық әрекеттердің тіпті, кейде басбұзарлармен арада атыстың да болғаны есімде. Бірақ олардың бәрі дәл бүгінгідей үрейлі сезілмеген еді. Несіне үрейлендім? Оның себебі қан төгістің әлемнің әр түкпірінде жиілеп кеткенінен болар. Шетелді айтпаған күннің өзінде кеше ғана Ақтөбеде осындай қан төгіс болмап па еді... Енді міне бүгін біздің қалада болып жатыр. Атылған оқ, жарылған бомба, өлген, жараланған бейбіт адамдар, зар илеген ет жақын туыстарының бейнесі... Осының бәрі біртіндеп, санаға сіңіп, жүректі уайымға, көңілді алаңға бейім етіп қоятын көрінеді. Соларды ақпарат көздері арқылы естіп, көріп отырған бізге, мылтық дауысы іргеден естілгенде, санаңда сарғайып жатқан сары уайым сайтандай сап етіп, жадыңда жарқ ете елес беріп, бойыңды үрейге алдыра бастайды екен. Лаң салушылардың да түпкі мақсаты осы, ел ішінде үрей мен алауыздық тудырып, халықтың үкіметке деген сенімін жоғалтып, ел іргесін шайқалту.

QAZAQUNI.KZ. "Терактіге кері акт – теріс ағымдарды тегіс жою керек!" - Жарылғыш минаны жасырып қойғаннан, ол жарылмай қалмайды… Мен бұл сөзді осыдан оншақты жыл бұрын заңды төріне отыра алмай келе жатқан Тіл дауына байланысты жазған едім…. Енді Дін туралы да осы сөзімді қайталауға тура келіп тұр өкінішке орай…

TURKYSTAN.KZ. "Талас Омарбек, тарихшы: Тарих ешкімнің ықпалына түспеуі керек" - Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл. Кеңес өкіметі сипатын өзгерткен көтерілістің бүгінде шын ақиқаты ашыла бастады. Алайда тарихи оқиғаны насихаттап, сырын ашуға кіріскен тарихшылар жаңа бір қиындыққа тап келді. Бұл – қоғамда кең талқылана бастаған Қазақстан тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі. Осы тақырып аясында белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Талас Омарбектің ортаға салар ойы аз емес.

"Қатаң жаза қандай болмақ?" - Елді дүрліктірген Ақтөбедегі лаңкестік оқиғадан бірнеше бейбіт тұрғындар көз жұмды, елдің тыныштығы бұзылды. Діннің атын жамылып, тал түсте баланы жетім, ананы жесір етіп, әкені ұлынан айырған лаңкестерді өлім жазасына қию мәселесі қайта қарастырылуда.




19 шілде 2016, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.