Атырау, 18 мамыр 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Төңкерістің сәтсіздікке ұшырауының себептері", "Каспий мәртебесін кім қалай қарастырады?", "Ердоғанды елі қорғап қалды. Біз елбасын қорғай аламыз ба?", "Алматыдағы атыс: билік әркез кеш қимылдайды – саясаттанушы"

2 336 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Фетхуллах Гүлен кім?" - Түрік басшылары шілденің 15-і болған төңкеріс жасауға талпыныстың артында "көлеңкелі мемлекет" тұрғанын айтады. Бұл сөз "оның артында түрік діни лидері Фетхуллаха Гүлен тұр" деген мағына береді. Гүлен деген кім?

"Төңкерістің сәтсіздікке ұшырауының себептері" - Түркияда әскерилер 1960 жылдан бері билікті үш рет басып алған, ал 1997 жылы және бір үкіметті биліктен күшпен кетірген. Ал бұл жолғы төңкеріс әрекеті неге сәтсіз болды?

"Каспий мәртебесін кім қалай қарастырады?" - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау тағы да кейінге шегерілді. Жағалау елдері сыртқы істер министрлері Астанада өткен келіссөзде түпкілікті келісімге келе алмады.

KAZ.365INFO.KZ. "Алматыдағы атыс: билік әркез кеш қимылдайды – саясаттанушы" - Саясаттанушы Досым Сәтбаев Алматыдағы атыстың себебі мен салдырдарына қатысты көзқарасын білдірген екен.

"Билік неден қорқады? Кенесарының басын қайтаруға кім кедергі?" - «Хан Кененің басын қайтарайық» қозғалысының жетекшісі, философ Нұрлан Әміреқұловтың Кенесары Қасымовтың басын қайтаруға қатысты ой-пікірі ойлантып тастады бізді. Шынымен де сөзден іске көшетін кез келгендей. Ойшылдың camonitor.kz сайтына шыққан сұхбатын аударып бергенді әбестік көрмедік. Өзекті тақырыпты көтерген екен. Тек тыңдар құлақ болса…

QAMSHY.KZ. "Ермек Тұрсынов: "Төлешев ешкімде жоқ зәулім үйінде бізді күтіп алған еді"" - Қазақстандық белгілі режиссер әрі сценарист Ермек Тұрсынов Алматыда шығармашылық кешін өткізіп, БАҚ өкілдері мен көрерменнің сұрақтарына жауап берді.

ABAI.KZ. "Ердоғанды елі қорғап қалды. Біз елбасын қорғай аламыз ба?" - Ең алдымен айтарымыз – біз Ата заңында әскерилерді Конституциясының кепілі етіп көрсеткен, төңкеріске еті үйренген Түркия емеспіз, бізде оның болуына ешқандай негіз жоқ. Екіншіден, ең бастысы да осы – елімізде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов болып тұрғанда төңкеріске ешқандай орын жоқ! Елбасының ең сенімді серігі екенін сансыз рет дәлелдеген оны ұстазы қайда жұмсамады! Ең шешуші кезеңдерде Үкіметке Премьер де қойды, Алматыға әкім етіп те жіберді, соның бәрінде ол қандай қиын тапсырма болсын абыроймен орындап, үмітін ақтап келеді. Қазыбек Исаның Имекең Қорғаныс министрі болып тағайындалғаннан күннің ертесіне су жаңа министрдің суретін «Қазақ үні» газетінің бір бетіне тұтас салып, астына «Енді тыныш ұйықтайтын болдым!» деп бір-ақ ауыз сөз жазған тапқырлығы бар еді. Сол айтқандай, бәріміздің де әзір тыныш ұйықтауымызға болады.

"Айдос Сарым: "Терактінің басты мақсаты – биліктің әлсіздігін әшкерелеу" - Менің жеке көзқарасым бойынша Ақтөбедегі оқиғадан билік те, еліміздегі күштік құрылымдар да, ақпарат құралдары да сабақ алуы керек еді. Теракт дегеніңіз ең алдымен – ақпараттық соғыс. Ланкестердің басты мақсаты – қоғамды үрейлендіріп, биліктің қандайлық деңгейде әлсіз екенін әшкерелеу. Осы ақпараттық соғыста... мемлекетіміз 100 пайызға деп айта алмаймын, 70-80 пайызға жеңіліс тауып жатыр. Мәселен, Ресей, Әзербайжан, Түркия елдеріндегі ақпарат құралдары мұндай төтенше жағдайда түн демей, күн демей нақты ақпарат таратуға қауқарлы екенін талай мәрте дәлелдеді. Ал, бізде ресми мәліметтер түрлі дақпырттардың көлеңкесінде қалып қойып жатады.

"Ұлтыңның найзасы бол, керегіне жара!" - Наймандық, үйсіндік, адайлық... ол – көше, егер сен сол көшемен қазақтыққа келсең – сен қазақсың, егерде тілді, ділді, өмір салтын, тарихын білмесең «басқа көшеге» түсіп алып мәңгілік адасуың мүмкін. Бәрінен де маңыздысы - ұлттық сана және сол ұлттың мобилизациясында болу. Мобилизация дегеніміз – ұлттың найзасы болу және керек уақытында керегіне жарау.

DALANEWS.KZ. "Ердоған АҚШ-тан саяси баспана сұраған ба?" - Шілденің 15-нен 16-сына қараған түні Түркияда бір топ әскерилер Анкара мен Ыстамбұлда бірқатар стратегиялық маңызды нысандарды басып алып, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылғанын естідік. Алайда халықтың көмегімен бірнеше сағат ішінде көтеріліс тұмшаланды. Төңкеріс жасауға ұмтылды, бүлікшілерді бастады деген айыппен Түркия Әскери Әуе Күштерінің бастығы, генерал Акын Өзтүрікке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

ULT.KZ. "Ерсін Әміре: ең маңызды міндет – халық­тың ұлттық сана-сезімін ояту" - Қазақ мәдениеті дін исламмен қатар дамып, өркениет көшінен өз арнасын тауып, биігін бағындырды. Халықтың табиғаты мен таным-түсінігіне сай түскен хақ дін қазақ топырағында түлеп, Түркістан жұртынан көптеген ғалым-ғұламалар да шықты. Тарихи үндестік тапқан асыл дініміздің бүгінгі қоғамдағы рөлі, ұлт иммунитетін қалыптастырудағы исламның маңыздылығы мен дін атын жамылған ағымдарға қарсы күрес жүргізудің әдіс-тәсілдері турасында белгілі исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміремен әңгімелескен едік.

TENGRINEWS.KZ. "Бизнесте де, спортта да еліме пайдалы болғым келеді" - Бүгін танымал кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағандыда көмір байыту өндірісінің ашылуына қатысады. Қазақстандық БАҚ-тарда өткен айда пайда болған жаңалық оның отандастарын назарсыз қалдырмады. Сонымен, Головкинмен спорт туралы бірде-бір сөзі жоқ сұхбатымызды ұсынамыз.



18 шілде 2016, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.