Атырау, 18 мамыр 18:58
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қазақтың қасіреті де мейрамға айналмағай", "Ауыл, аграрлық реформа және...", "Балалы болған… балалар", "Қазақ күресіне қиянат жасалды: Олимпиадаға жеңген емес, жеңілген палуан барады", "Айтулы күндерді қалай қарсы алар екенбіз?.."

2 150 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ауыл, аграрлық реформа және..." - Жер туралы комиссияның әр отырысына көңіл аударып, қада­ғалап отыруға бейілім бөлек. Бай­қағаным: алғашқыдай емес, эмоция кейін ше­ге­ріліп, байсалды қалыпқа түскендей рай байқатады. Байсал­ды­лықты әрқалай түсінуге болады. Салиқалық самарқаулыққа ұласса, байыптылық байырқаулыққа бой алдырса, онда кез келген келелі жиынның өңі қашып, өзегі суалады дей беріңіз. «Сырт көз – сыншы», өкінішке қарай, кейінгі, әсіресе, Алматы облысындағы отырыс осыны қапысыз байқатты. Оған осын­дағы «нұротандықтар» мықтап-ақ әзірленгенге ұқсайды. Саяси баталия онсыз да адым сайын асқынып тұрған шақта мұның өзі көзге тым ерсі көрінеді екен. Қайсыбір сөйлеу­ші­лер­дің қалыптан аспай, «қауіпті» баспай «ақырын жүріп, анық бас­қаны» осыны аңғартты. Ал менің діттеген дәмем басқалау болатын.

"Қазақтың қасіреті де мейрамға айналмағай" - Кейінгі кезде Ресей Қазан төңкерісінің 100 жылды­ғын тойла­мақ­шы деген сыбыс шық­ты. Ресей не істесе соны істейтін қазақ енді осы күнді қосыла тойлап, масқара болмаса еттi деп уайымдайтын бол­дық.

AZATTYQ.ORG. "Шетелде қанша өзбек содыры жүр?" - Ауғанстан мен Пәкістаннан бастап Сирия мен Йеменге дейінгі аралықта әрекет ететін түрлі қарулы топтар сапындағы Орталық Азия өкілдері арасында әсіресе этникалық өзбектер көп. Сол азғантай содырдың кесірінен бұл аймақ «экстремистерге адам жібереді» деген дақпырт тараған.

"Ниццадағы теракт: келесі шабуыл қайда жасалады?" - Ниццадағы шабуылдан соң Еуропа елдерінің террормен күрес тәсілдері өзгере ме? Бұл оқиғадан Қазақстан қандай сабақ алады? AzattyqLIVE тақырыпты дипломат Қазбек Бейсебаевпен талқылады.

KAZ.365INFO.KZ. "Қазақ күресіне қиянат жасалды: Олимпиадаға жеңген емес, жеңілген палуан барады" - Қазақстандағы еркін күрестегі былықтың беті ашылып қалды. Ішкі турнирлерде бір-бірімен күрескенде, үнемі жеңіп жүрген емес, жеңіліп қалатын спортшы Рио олимпиадасына жолдама алған. Бұл жаңалық кәсіби спортшы түгілі, қарапайым жанкүйердің жағасын ұстатып отыр.

"Аты бір заты бөлек екі Қорғас — айырмашылық неде?" - Қазақстанмен шекарадағы қытайлық Қорғасты әзірге қағаз карталардан таба алмайсың: оның құрылысы осыдан үш жыл бұрын ғана басталған. Көшелері мен жаяу жүргіншілерге арналған соқпақтары кең, жасыл желекпен қоршалған, ғимараттары сәулетті Қорғастың Калифорния қалаларына ұқсастығы бар. Жұмыс әлі қызған шағында — қалада бірінен соң бірі төбесі көкке тірелген зәулім үйлер бой көтеруде. Көшелерді жарықтандыру қала аумағын толық қамтымаса да тұрғындар саны 100 адамнан асып жығылады.

EGEMEN.KZ. "Балалы болған… балалар" - Жыл сайын елімізде балиғатқа толмаған 3 мың ұл мен қыз некеге тұрады. Оның өзі әлі бала. Бойжетіп те үлгер­меген. Әлі жасөспірім. Бірақ, соған қара­мастан, бұл «баланың» баласы бар.

ABAI.KZ. "Айтулы күндерді қалай қарсы алар екенбіз?.." - Биыл жыл соңына қарай екі үлкен дата атап өтіледі. Бірінен екіншісі туындаған аса маңызды оқиғалардың алғашқысы – мызғымастай көрінген социалистік лагерь елдерінің басты ұйтқысы боп тұрған алып та қуатты кеңес империясының іргесін шайқалтқан қазақ жастарының көтерілісі. Оған алдағы желтоқсанда отыз жыл толады. Келесісі – тоталитарлық жүйенің көбесі сөгілуі нәтижесінде көгеннен босап, азаттықпен қауышқан елдер қатарында, біздің еліміздің де мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі. Биыл жиырма бес жылдығы тойланатын осынау тарихи оқиға қаралы да қастерлі жастар толқуы басталған күннен тура бес жыл өткенде болды. Екеуі де қазақ тарихының мән-маңызы ерекше, елеулі белестері. Қалай қарсы алар екенбіз?

"Ресей қашанғы білгенін істей береді?" - Жүзге жуық қазақстандық жүргізуші жарты айдан бері елге жете алмай жүр. Еуропадан тауар тасымалдаушылар күтпеген жерден Беларусь пен Ресей шекарасында қалып қойған.

DALANEWS.KZ. "Кино түсіріп, көлік құрастырсақ, алдымен шетелге шығаруға неге құмармыз?" - Таяуда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарында «Сарыарқа Авто Пром» көлікқұрастыру өндірістік нысанында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл – еліміздегі көлік құрастыратын ірі кәсіпорындардың бірі. Индустрияландыру бағдарламасы аясында мұнда жаңа өндіріс – CКD-құрастыру әдісімен NOMAD және SsangYong автокөліктері құрастырылатынын білеміз.

ULT.KZ. Ұлттық», «мемлекеттік», «егемендік» және басқалар" - Үш жүз жылға созылған отарлық билеп-төстеу процесі ұғымдарды мейлінше шатастырды. Бодан халықтарға қасиетті болып келген түсініктерді отаршылдар түкке тұрғысыз, тіпті, реакциалық деп есептеді. Олар жерімізде ғана емес, санамыз бен рухымызда да тәртіп орнатты. Бұл жөнінде көп айтылды да, көп жазылды да. Респуб­ликамыз тәуелсіздік алғаннан бері шатасқан ұғымдарды қалпына келтіру, өзінің түпкі мағынасына қайтып оралту процесі жүріп жатыр. Бұл процесс аса қиын да күрделі жолдардан өтеді. Көп уақытқа созылады.

15 шілде 2016, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.