Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Шаңырақ оқиғасы: 10 жылдан кейін", "Биліктің қазаққа тұңғыш қол көтергеніне - 10 жыл", "ҰҚК мәлiмдемесiне қалай қарайсыз?", "Жемқор елде жер мәселесі әділ шешілмейді", "Путиннің кеңесшісі бөсемін деп Кремльдің құпия жоспарын айтып қойды"

3 336 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Путиннің кеңесшісі бөсемін деп Кремльдің құпия жоспарын айтып қойды" - Путиннің жеке кеңесшісі, саясаттанушы Сергей Караганов немістің Шпигель журналына сұхбат беріпті. Шулы, даулы сұхбат. Путиннің айналасындағы адамдардың басқан ізін аңдып отыратын Украинаның ақпарат құралдары Карагановтың сұхбатын аударып басыпты. Бұған мән бермей-ақ қоюға болар еді, Путиннің кеңесшісі абайсызда Кремльдің жасырын жоспарын айтып қойғаны болмаса…

"Қазақ оянды. Павлодар тұрғыны өңірдің атауын Баянауыл деп өзгертуді ұсынды" - Павлодар облысының тұрғыны Төлен Рамазанұлы облыстың атауын өзгертетін уақыт жетті деген пікірде. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Төлен Рамазанұлы өңірдің атауын Баянауыл деп өзгертуді ұсыныпты.

AZATTYQ.ORG. "Шаңырақ оқиғасы: 10 жылдан кейін" - 10 жыл бұрын Алматыда Шаңырақ ықшамауданында полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болған еді. Содан бері не өзгерді? Оқиға куәгерлері не дейді?

"Гангстерлерді, Pussy Riot пен халықты қорғаған адвокат" - Кремльдің үгіті өктем, қарапайым ресейліктер үні көп естілмейді. Азаттықтың Орыс қызметі Ресей қоғамының түрлі өкілдерін, әрқандай мамандық иелерін сөзге тартып, оларды не толғандыратынын ашық әңгіме форматында жариялап келеді.

ZHASALASH.KZ. "Сағынтаевтың «асығыс» сапарында не сыр бар?" - Президент не премьер-министр Қытайға барады екен дегендi естiсе, қазақтың құлағы елең ете қалады. Жалпы, бұлайша елегiзу жер мәселесi ушығып тұрған бүгiн ғана емес, сонау 2011 жылы басталған. Естерiңiзде болса, сол тұста Р.Әлиев “Қытайға 99 жылға 1 млн гектар жер беруге уағдаласты" деп бұ­рынғы қайын атасын кiнәлаған едi. Мiне, содан бергi уақытқа зер салсақ, Н.Назарбаев Қытайға жыл құрғатпай сапар шегiп тұрыпты. Ал К.Мәсiмов кей жылдары тiптi екi мәрте Бейжiң көрiп қайтқан. Үкiмет басшысына бiрiншi орынбасар болғалы берi адымы ұзарған Б.Сағынтаев та Қытайға жиi шығатын шендiлердiң бiрi. Ол күнi кеше ҚХР мемле­кеттiк кеңесiнiң вице-премьерi Чжан Гаолимен кездесiп, қазақ басшысының Қытайға сапарына дайындық жұмыстарын талқылады. Бiр қызығы, Сағынтаевтың осы жолғы Қытай асуы өткен жылғы сапарымен салыстырғанда 2 айға жеделдеп кеткен.

"ҰҚК мәлiмдемесiне қалай қарайсыз?" - ҰҚК: “Тоқтар Төлешов 2005 жылы төңкерiс арқылы мемлекеттiң билiгi криминалдық топтардың иелiгiне өткен қырғыз елiндегi жағдайды Қазақстанда қайталамақ болыпты. Осы мақсатын жүзеге асыру үшiн Қырғызстанға бар­ған, жағдайды көзбен көрiп зерттеген. Жоспар құрған. Жаппай тәртiпсiздiк пен әдейi ұйымдастырылған акциялардың барысында ол билiкке ультиматум қойып, өзi үшiн вице-президент лауазымын енгiзудi көздеген. Артынша, мемлекеттi өзi басқаруды ойлаған", – деп мәлiмдеген едi. “Жас Алаш" сiз осыған сенесiз бе? деген сауалды қоғам қайраткерлерiне қойған едi.

"ЖерКом жалға берудi қарады" - Сонымен, үкiметтiң қасынан құрылған жер комиссиясының жетiншi жиыны 9 шiлдеде Астанада көздi ашып жұмғанша өте шықты. Комиссияның алғашқы төрт отырысында 72 мүше бiрiне-бiрi сөз кезегiн берiспей, таласпен өткiзген едi. Одан кейiнгi көшпелi 3 жиынды Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында өткiзген комиссия мүшелерi Астанадағы бас қосуға асқан сабырлықпен қайта оралыпты. Тiптi, бұл жиында комиссияның 75 мүшесiнiң 30 шақтысы төбе де көрсеткен жоқ. “Айтарымызды бастапқы жиында айттық, ендi өздерi шешсiн" дедi ме, әлде, көп сағаттық жиында тапжылмай отыруға жүйке мен бел шыдатпады ма, әйтеуiр жиын сайын оған қатысатын комиссия мүше­лерiнiң саны да сиреп бара жатыр. Есесiне, комиссия жұмысының бар азабы мен жауапкершiлiгi мойнына жүк­телген вице-премьер және ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов отырыс арнасын бiр арнаға бұрудың амалын ақыры тапқан секiлдi.

QAMSHY.KZ. "Арман Қуанышбаев: салафизмнің ақпарат көздерін бітеп тастау қажет" - «Мұсылман болмақ әсте-әсте…» дегендей, сөз түзелсе, тыңдаушы да түзелер. Елге танымал уағызшы-ұстаз Арман Қуанышбаевпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

""Аш әйел болудан тоқ тоқал болған артық"" - Қазақстандық интернет қолданушыларының арасында өте танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы қызу талқыға түсті. Өзін ірі кәсіпкердің тоқалы деп таныстырған Дана есімді бойжеткен әйел болудан тоқ тоқал болған артық екенін түсінгенін айтады.

ABAI.KZ. "Биліктің қазаққа тұңғыш қол көтергеніне - 10 жыл" - 2006 жылдың 14-ші шілдесі. Қазақ билігі қалаға қоныстанған қазаққа тұңғыш рет қол көтерген күн! Алматының іргесіндегі «Шаңырақ» ықшам ауданындағы бос жерге өз еріктерімен қоныс тепкен қазақтың мәселесін шеше алмаған қалалық билік жұдырыққа жүгініп, өз жерінде, бейбіт жатқан қазақты жау шапқандай қылып, жылы ұясын талқандап, сол бір бас жарылып, қол сынған оқиғаға Арон Атабек бастаған бір топ азаматты кінәлі деп тауып, алдын 18 жылға соңын 14 жылға соттап жіберген болатын.

"Баян-Өлгейдегі апат моңғолдың күдігін "ұлғайтпай" ма?" - Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында жаңбырдың мөлшерден көп жаууы салдардарына сел жүріп, 700-ден аса қандасымыз баспанасыз қалған. Қазір еліміздегі қоғамдық белсенділер осы апаттан зардап шеккен ағайынға қол ұшын созбаққа ниеттеніп, жылу жинап жатыр.

"Жемқор елде жер мәселесі әділ шешілмейді" - Қазақстанның ішкі-сыртқы халқы толық жиналып бітпей жатып, басты байлығы – жерді көпе-көрінеу бөліске салуды келер ұрпаққа жасалған қиянат деп білемін. Экономикасын көріп жүрміз – ақыр-аяғы ине-жіп те өндірілмейді, барлық тауар шетелдерден тасылады. Бар экономикамыз қазба байлықты сыртқа сатуға құрылған. Бұл, әрине, экономика емес, көбіне талан-таражға ұқсаған сауда-саттық қана. Ендеше неге әуелі экономикамызды құрып алмаймыз?

DALANEWS.KZ. "Бізді Жер туралы комиссияның құрамына халықтан қорыққасын кіргізді" - Ұлт қайраткері, ақын “Замана" басылымына берген сұхбатында қазіргі күні қоғамда кеңінен талқыланып жатқан үштілділік пен Жер кодексіне қатысты мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталыпты.

INFORM.KZ. "Биыл Қытай құрамасы сапында үшінші қазақ Олимпиадаға бара жатыр- Әлнұр Төргеұлы, грек-рим күресінің бапкері" - Биыл қытай қазақтарынан үшінші спортшы Олимпиада ойындарына бара жатыр. Бұл туралы грек-рим күресінен ҚХР ұлттық құрамасының балуандарын жаттықтырып жүрген бауырымыз Әлнұр Төргеұлы мәлім етті.

ULT.KZ. "Радикализация және дерадикализация: халықаралық тәжірибе" - Қазіргі таңда, зұлым күштердің бірі экстремизмнің пайда болуына бүкіл әлем наразылық танытып, оған қарсы әрекет етуде. Жаһандану тұсындағы әлемнің жаңа бағыт алып жатқан жағдайда, лаңкестік әрекеттің нәтижесінде миллионға жуық жазықсыз адамдар қаза тауып, дүниежүзі зардап шегуде. Осыған орай, барша әлем бұл ғасыр дертімен күресу мақсатында сан алуан алдын алу шараларын қолдануда.



14 шілде 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.