Атырау, 18 мамыр 21:04
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Билiктiң математикасы", "Үкіметтің мал ауруына қатысты бейқамдығы отандық ғалымның төбе шашын тік тұрғызды", "Жер мен жемқорлықтан туған қақтығыс", "Жер мәселесі. "Саяси шешімді шенеуніктер шығармайды"", "Қазақстан банктері: теріс үрдістер қарқын алуда"

1 993 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Жарылған» жігіттің ауылы совет заманын сағына еске алады" - Қарағанды облысында 26 маусымдағы полиция операциясы кезінде «өзін-өзі жарды» деген жігіт туып-өскен Гүлшат ауылындағы 30 үй қоңыртөбел тұрмыс кешіп жатыр.

"Лениннің тұғыры өнердің қажетіне жарады" - Киевтің коммунизм мұрасынан құтылу саясатының арқасында құлатылған Ленин ескерткіштерінің тұғырлары бос тұр. Ол орынға не қоятыны әзірше анық емес.

KAZ.365INFO.KZ. "Үкіметтің мал ауруына қатысты бейқамдығы отандық ғалымның төбе шашын тік тұрғызды" - Үкімет барлық жұмысын тастап, елде төтенше жағдай жариялап, сібір жарасы індетін ауыздықтамаса, ауылшаруашылығына бөлініп жатқан қыруар қаржы текке кетеді! Мұндай жағдайда біз өндірген етті ешкім алмайды, ауылшаруашылығының экономикасы құлайды, тіпті, келесі жылы EXPO көрмесіне ешкім келмей қалуы да мүмкін!

"Айбек Қалиев: «Жер сатуды қолдап жүргендер, билік арнайы дайындап қойған адамдар ма?»" - Астананың күніне орай, арнайы ұйымдастырылған айтыста жер мәселесін көтеріп: «шетелге, ей, Үкімет, мені сатшы, тілімді енді саған қайрамайын»деген Айбек Қалиев elana.kz сайтына сұхбат беріпті. Ақын өз сөзінде қазіргі күні қоғамда қызу талқыланып жатқан жер мәселесіне қатысты көзқарасын анық-қанық жеткізген екен. Елге танымал айтыскер ақынның пікірін ықшамдап, жинақтап ұсынғанды жөн көрдік.

ZHASALASH.KZ. "Билiктiң математикасы" - Демократиялық “тұрақтылықтың аралы" - Қазақстанның астанасындағы демографиялық дүмпу халық санының өсiмi бойынша әлемдiк рекордтарды жаңартатын қарқынға көштi. Астана тарихи сәйкестiк жолымен Қазақстанның тұңғыш және әзiрге жалғыз президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 76 жасқа толуы­на орай миллионер қала атанды. Елiмiздегi iрi оқи­ғалардың президент Назарбаевтың туған күнiмен тұс­па-тұс келетiнi бiз үшiн таңсық емес. Баяғыда прези­дент­тiң дөңгелек датасының алдында шенеунiктер әлемдегi ең iрi кен орны деп атаған Қашаған мұнай ке­нiшi ашылған. Бiрақ содан берi қанша жыл өтсе де Қашағаннан бiр баррель мұнай өндiрiлмек түгiлi, жыл сайын 6 шiлденiң қарсаңында ашылып қала ма деген үмiтпен өзiмiздi жұбатумен келемiз. Әлемдегi дағдарыс­тың “кесiрiнен" күнi бүгiнге дейiн қарыштап қадам басқан Қазақстанның аяқ алысы кiбiртiктеп қалғалы берi туған күн қарсаңында жасалатын экономикалық сыйлықтар да сұйылып қалды. Әйтеуiр, бұл жолы Астананың жаңа әкiмi президентке тосын сый жасаудың жолын тауып кеттi. Астананың № 1 перзентханасында туған Саида есiмдi қыз бала өмiр­ге келе салысымен президенттi де, Исекешевтiң қолынан пәтердiң кiлтiн алған ата-анасын да қуантты.

"Жер мен жемқорлықтан туған қақтығыс" - 2003 жылы үкiметтiң қаулысымен (№ 497) Орал қаласында Жәңгiр ханға ескерткiш орнатылып, және екiншi бiр университетке оның аты берiлдi. Соңғы жылдары бiрнеше кiтап (пьеса) жазылуы бүгiнде ХIХ ғасырдың Бөкей орда тарихын терiс қаратып оқуға әкелгендей. Ол заманның талапайшы-қасқырлары Исатай мен Махамбет болғандай. 2013 жылы 21 қарашада Оралдағы Махамбет университетi төрiнен астаналық ақынның әйгiлi өлеңi Баймағамбет сұлтанға арналыпты, Махамбеттiң авторлығы да беймәлiм екен деп тарихты тәрiк еттi. Жиналғандар үн-түнсiз қалды.

KAZTAG.KZ. "Қазақстан банктері: теріс үрдістер қарқын алуда" - Қазақстанның банк секторындағы стагнация жалғасуда. Банктердің кредит бөлуі төмендеуі фонында жыл басынан бері актив сапаларының нашарлауы мен проблемалық кредиттердің өсу үрдістері байқалуда. Биыл Қазақстанның экономикалық өсімінің өте әлсіз жағдайында «нашар» займдардың үлесі барлық банк жүйесінде қайтадан 10%-дан асады.

QAMSHY.KZ. "Су тасқынынан моңғолия қазақтары баспанасыз қалды" - Шілденің 10-ы шамамен кешкі сағат бес мөлшерінде 15 минуттай бұршақ жауды. Бұршақтан соң қаланың бір жақ шетінде көшкін болып, 200-ге жуық үйді қора-қопсысымен қоса шайып кетті. Құлаған үй астында төрт жасар бала қалып қойған. Селден кейін құлаған бағандағы электр сымына соғылып тағы бір адамның мерт болған.

"«Умеренный» деп жүргеніміз бір күнде «уверенный» салафит боп шыға келуі ғажап емес»" - Бүгінде қазақ қоғамындағы күйіп тұрған тақырыптың бірі – жер мәселесі болса, екінші бір маңызды мәселе – елдегі діни ахуал. Ақтөбедегі теракт соңғы бірнеше жылда ұмытыла бастаған діни экстремизм, терроризм мәселесін саясат алаңына қайта шығарды. Діни түсінік, танымы өзгеше, өз айтқандарымен келіспейтін басқа жұртқа қатысты көзқарастары қатерлі ондай ағымдарға билік органдары аяусыз қарсы тұру керектігін айтуда. Республика аумағында, өңірлерде діни, рухани салаға қатысты ұстаным жақын күндері жаңаша сипат алуы мүмкін. Елбасының «Ақтөбедегі теракт – салафиттік ағым өкілдерінің ісі» деген бағасынан соң осы күнге дейін ешбір шектеу қолданылмай келген салафизмге де құқықтық баға берілетін сияқты.

ABAI.KZ. "Қобдадағы апат моңғолдың күдігін "ұлғайтпай" ма?" - Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында жаңбырдың мөлшерден көп жаууы салдардарына сел жүріп, 700-ден аса қандасымыз баспанасыз қалған. Қазір еліміздегі қоғамдық белсенділер осы апаттан зардап шеккен ағайынға қол ұшын созбаққа ниеттеніп, жылу жинап жатыр.

"Қызылордалықтар жер реформасына қарсылық танытты" - Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы Қызылорда облысының Нағи Ильясов атындағы ауылда өтті. Бұған дейінгі облыстық қоғамдық кеңес өткізген отырыстар қаладағы «Достық» үйінде өтіп, оның барлығында да Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсылар көп болған еді. Билік бұл жолғы республикалық жиынды қаладан 80 шақырым қашықтағы ауылда, бұрынғы отырыстарға қатысқандарды шақырмай жасырын өткізгісі келгені байқалып қалды. Біз кездейсоқ естіп, бардық.

"Жер мәселесі. "Саяси шешімді шенеуніктер шығармайды"" - Жер реформасы туралы комиссия іске кіріскелі бері оның алты отырысы өтті. Бірақ комиссия халықтық толқуға себеп болған екі түбегейлі мәселе – жерді сату-сатпау және жерді шетелдіктерге жалға беру-бермеу жөнінде келісімге келген жоқ. Бұл келісім қаншалықты ұзаққа созылады? Жерге қатысты халықтық мүдденің жеңіске жету мүмкіндігі қандай? Егер Жер кодексі алғашқы нұсқасында қалатын болса, биліктің бірбеткей шешіміне қарсы қозғалыстың қайтадан тұтануы мүмкін бе? Міне, осы және басқа да сұрақтарға орай комиссияның жұмысына белсене қатысып келе жатқан экономика ғылымдарының кандидаты, қайраткер азамат Мұхтар Тайжан мырзаны сұхбаттасуға шақырған едім. Әңгіме Жеркомның Қызылорда аймағында өткен отырысынан басталды.

BAQ.KZ. "Олимпиада үміттері: Балалар үйінен Бразилияға дейін" - Кеше ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Олимпиада ойындарына қатысатын 8 спортшының тізімін жариялады. Өкінішке қарай, допинг дауына іліккен Илья Ильин бастаған атлеттеріміз төрт жылдықтың басты додасынан тыс қалып отыр. Дегенмен Бразилиядағы аламан додаға қатысатын басқа атлеттерден үлкен үміт күтуге болады. Ендеше, оқырман назарына сол спортшыларымызды кеңірек таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Алғашқы кейіпкеріміз 48 келіде өнер көрсететін –Маргарита Елисеева.

DALANEWS.KZ. "Мұхтар Сеңгірбай: “Қазақ зиялысының балаларын орыстілді еткен – КСРО-ның білім беру саясаты"" - Қазақстанда азаматтық бірегейлік, ұлтшылдық, ұлтаралық конфликт салалары ең өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Сондықтан еліміздегі қоғамдық институттар бұл мәселені терең зерттеп, ұсыныстар әзірлеуі қай уақытта болса да маңызды. Осы тақырып аясында Ұлыбританиядағы Абердин университетіне қарасты Конфликт, транзит және бейбітшілік институтында тағылымдамадан өтіп жатқан саясаттанушы, конфликтолог Мұхтар Сеңгірбаймен сұхбаттасудың сәті түсті.

13 шілде 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.