Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Доллар қымбаттамайды, инфляция өспейді. Ұлттық банк көрсеткіштері осылай „сөйлейді„", "Тәуелсiз баспасөзге қауiп төндi", "«Варшава шарты»: Ресей қаупi мен «қырғи-қабақ соғыс»", "Дос КӨШІМ, саясаттанушы: Жемқор билiк... баю жолын iздейдi"

2 250 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Доллар қымбаттамайды, инфляция өспейді. Ұлттық банк көрсеткіштері осылай „сөйлейді„" - ҚР Ұлттық банкі ақша-несие саясатының маңызды құралы — базалық мөлшерлемені 15 пайыздан 13 пайызға дейін азайтты. Алдында мамыр айында бұл көрсеткіш 17 пайыздан 15 пайызға дейін төмендеген еді. Сол кезде-ақ мамандар базалық мөлшерлеменің төмендеуі Қазақстан экономикасы үшін жағымды құбылыс деп бағалаған. Өйткені осы көрсеткішке сәйкес елімізде тоқсан сайын құбылатын инфляция ауыздықталып, базардағы бағалар да тұрақтап, шетел валютасы арзандауы керек.

"Мұқтар Шаханов: «Ақты – ақ, қараны – қара дей алмасам, ақынды­ғым кімге керек?»" - Ұлт қайраткері, ақын “Замана" басылымына берген сұхбатында қазіргі күні қоғамда кеңінен талқыланып жатқан үштілділік пен Жер кодексіне қатысты мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталыпты.

AZATTYQ.ORG. "Баян-Өлгийде 100-ден аса үй қирап, 700 адам баспанасыз қалды" - Шілденің 10-ы күні Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қирады, 700-дей адам баспанасыз қалды. Адам шығыны да бар.

"Жовтис: Асқаров ісі бойынша БҰҰ шешімін орындамау Қырғызстан беделіне нұқсан келтіреді" - Азаттықтың Қырғыз қызметі қазақстандық танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтистен қырғызстандық құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың ісі бойынша сұхбат алды. Әзімжан Асқаров 2010 жылы болған Ош оқиғасынан кейін сотталған еді.

"Әлсіреген ИМ тобының қауіптілігі кеміген жоқ" - «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен күрес аяқталуға жақын деп үміттенгендерге соңғы апталардағы оқиғалар жеңістің ауылы әлі алыс екенін аңғартты. Өткен айда ИМ ойсырай жеңіліп қана қоймай, ірі жеңіске де жетіп, өте көп адамның өмірін қиған терактілер де ұйымдастырды. Бұл оларды жеңу оңайға түспейтінін көрсетеді.

ZHASALASH.KZ. "Тәуелсiз баспасөзге қауiп төндi" - Тәуелсiз басылымды жабудың кезектi нау­қаны басталды. 7 шiлде күнi Алматының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама" компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна" газетiне қарсы берген арыз-шағымын қарауды бастады. 2013 жылы 23 миллион теңге жымқырды деп айыпталған шенеунiк тәуелсiз газеттi өзiн “жемқор" деп атағаны үшiн сотқа сүйреп, 15 миллион теңге талап етiп отыр.

"«Варшава шарты»: Ресей қаупi мен «қырғи-қабақ соғыс»" - НАТО әскери ұйымының кезектi саммитi дәл қазiргi жағдайда Польша астанасында өткенi тарихи мысқыл iспеттi. Өйткенi осыдан 61 жыл бұрын осы елдiң бас қаласында Кеңес Одағының жетекшiлiгiмен социалистiк лагерьге кiрген елдердiң әскери одағы – “Варшава шарты" пайда болған едi. Ал бүгiнде Польша НАТО-ның ең белсендi мүшесi әрi Ресейдiң ұйым аясындағы бiтiспес қарсыласы.

"Дос КӨШІМ, саясаттанушы: Жемқор билiк... баю жолын iздейдi" - Саясаттанушы Дос Көшiм “Жас Алаш" тiлшiсiмен сұхбатында жерге қатысты өзектi мәселелердi ашық айтты.

QAMSHY.KZ. "«Эмигранттың» жалғандыққа құрылған хаты (Мұхтар Мағауинға жауап)" - Телефонда маза жоқ. «Оқыдың ба?» дейді хабарласқандар. Иә, оқыдық. Тағы бір дауға жол салыныпты. Бұдан... Иә. Шыңғыс хан қызық еді. Мынау... Мақалаға келмейді. Арыз деуге... Көңіл қоңылтақсыды. Тышқаншылап кеткені қалай деген де ой келді. Өсекке бейімділік табиғатында жоқ сияқты еді. Жаптым жаланың да өз реті бар емес пе?!

"Төлешев Қазақстанда «Донбасс сценарийін» жүзеге асырмақ болған ба?" - Жыл басында қамауға алынып, қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған шымкенттік сыра өндіруші Тоқтар Төлешев ісі жаз шыға бере саясилана түсті. Басында есірткі саудасына, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар делінген Төлешевті арнайы органдар маусым туысымен мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған, елдің батыс өңіріндегі жер мәселесіне қатысты митингіні тұрақсыздық туғызу үшін арнайы жоспарлады және қаржыландырды деп айыптады. Бүгін де арнайы баспасөз мәслихатын өткізген ҰҚК мен Бас прокуратура өкілдері өздері тағып отырған айыпты дәлелдейтін деректер мен айғақ заттарды журналистер назарына ұсынды.

ABAI.KZ. "“EXPO 2017"-ні сіз қаржыландырасыз ба, мамашев мырза?" - Ыстамбұлда Түркия қазақтары үшінші құрылтайы аясында 9 маусым күні өткен дөнгелек үстел өтіпті. Жиналыс барысында қазақ диаспорасының маңызды мәселелері талқыланып, келесі жылы Астанада өтетін дүниежүзі қазақ құрылтайы да сөз болған.

"Сәкен Жүнісов: «тіл мықты болу үшін мінез керек»" - Қай елдің болсын негізгі қасиеті - тілінде. Мемлекет екенсің, негізгі тілің болсын. Қазақстанда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы заңды. Алайда Кеңес одағы тұсында бір-ақ тіл үстемдік құрды. Ол қазақ тілі емес екенін жұрттың бәрі біледі. Біз - көнтерлі халықпыз. Мұнымыз «ешкімге тиіспейікші, бейбіт өмір кешейікші» деген пікірді ұстанғанымыздан шығар, сірә. Жуастық жақсы, бірақ өрен қасиет емес. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» дейді ғой халық. «Бұға берсең, сұға береді» деп те айтады ел. Шынына келсек, қазақтың жуастығын пайдаланғандар аз болмады.

BAQ.KZ. "Ірі жер иеленушілері туралы ақпаратты жарияласақ, сотталып кетеміз – А.Мырзахметов" - Қызылорда облысында өткен жер комиссиясының кезекті отырысында ірі жер иеленушілері туралы ақпаратты ашық жариялау мәселесі көтерілген болатын. Олар кадастрлық тізімде бар. Бірақ аты-жөндері көрсетілмеген. Астанада болған комиссияның соңғы отырысында аталған мәселе қайтадан көтерілді. Осыған қатысты журналистерге сұхбат берген комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов түсініктеме берді.

NUR.KZ. "Қайрат Келімбетовтің ұлы АҚШ-та, қызы Швейцарияда тұратын болып шықты" - Еліміздің бас банкирі қызметін атқарып жүрген кезінде талай сынға ұшыраса да, жымиып қана құтылған Ұлттық банктің экс-төрағасы Қайрат Келімбетовтің бұл әдеті бұрыннан бар болып шықты. Қайрат Нематұлы бала күнінен анекдоттың майын тамызып айтып, талай туыстарын күлкіге қарық қылып жүрген.

QAZAQUNI.KZ. "Тəуелсіз елдің ордені – отаршылдықтың символы болғаны несі?" - Басқаны қайдам, қызыл жұлдыз көрсем көз алдыма жазықсыз төгілген қан, “елімайлап" көшкен ел, аштан бұралып əр жерде бір сүйегі қалған қазақ елестейтіні рас. Бір сөзбен айтқанда қызыл жұлдыз -отаршылдықтың символы. Тəуелсіздік алғанымызға ширек болғанымен сол қарғыс атқыр символдың əр жерден қылаң беріп қалатыны өкінішті. Мына суретке назар аударыңыздаршы! Бұл -“Еңбек даңқы " ордені.



12 шілде 2016, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.