Атырау, 5 мамыр 12:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 910 просмотра

Полицияға 42 жастағы Нұрсая тұрғыны шағымданды: 24-26 маусым аралығында оның азаматтық жұбайы пәтерден үш мың доллар ұрлап кетіпті. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 2015 жылдың қарашасында ер адам оның сеніміне кіріп алып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның үш мың долларын алған. Алайда уәдесін орындамапты. Күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды.

***

Полицияға БҚО-ның 23 жастағы тұрғыны жүгінді: 29 маусымда таңғы сағат 6-да Дальний өткелінде белгісіз біреу күш қолданып, оның 70 мың теңгесін тартып алған. Күдікті анықталып, іздеу жарияланды.

***

Жылыой ауданының Шоқпартоғай-Құлсары жолының 10-шы шақырымында 30 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «Лада» ВАЗ-2115 көлігі сиырмен соқтығысып қалған. Жүргізуші мен үш жолаушы жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді.

***

Қызылқоға ауданының АІІБ-не Қоныстану ауылының 29 жастағы тұрғыны шағымданды: 2015 жылдың мамырында жайылымнан оның жылқысы жоғалып кеткен екен. Ал жақында ол аудан орталығына жақын Аяпберген учаскесінде жайылып жүрген табын арасынан жоғалған жылқысын таныпты. Бұл малдың иесі Миялының 43 жастағы тұрғыны екен. Ол ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

7 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.