Атырау, 26 сәуір 17:43
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Батырдың саяжолы ажарсыз кейіпте

Сурет Бейнежазба
4 015 просмотра

Қайырғали Смағұлов атындағы саяжол қараусыз қалған. Бұл туралы оқырмандарымыз хабарлады. Тұрғындар бұл жерге аула тазалаушылардың келмейтіндігіне, гүлдердің орнына арамшөптер өскендігіне наразы.

Айта кету керек, қазақстандық батырдың мүсіні 2010 жылы салтанатты түрде желекжолға орнатылған еді. Сол кезде қала әкімінің орынбасары лаузымызын атқарған Әділбек Нұрлығожиев саяжолды көгалдандыруға, бұл жерге су құбырын жүргізіп, тіпті субұрқақ орнататындығына уәде берген болатын. Солай жасалды да. Тек жылдар өте шағын бақтың ажары кетті. Бұл жерде қалалық билік тарапынан бақылау болса, өткіншілер бұзылған қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, қоқысқа толы бұрқақты және өткен жылдан бері тазаланбаған жапырақтарды, қаптап кеткен арамшөптер мен темекі тұқылдарын көрмеген болар еді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

24 маусым 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.