Атырау, 26 сәуір 09:30
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"БҰҰ-ға барған қазақстандықтар екі түрлі пікір айтты", "1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне –100 жыл", "Ұлыбритания ЕО-дан шықты. ЕАЭО-ның ертеңі не болмақ?", "Илья Ильин алаяқ па, құрбан ба?"

2 227 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Совет билігі өлімге кескен шаруаның ұрпағы шындық іздейді" - Совет диктаторы Иосиф Сталиннің тұсында атылған орыс шаруасының шөбересі өкіметтен бабасының сүйегін қайтаруды және оның өліміне кінәлілерді әшкерелеуді талап етеді. Билік репрессия жайлы деректерді түгел ашуға құлықсыз.

"БҰҰ-ға барған қазақстандықтар екі түрлі пікір айтты" - Женевадағы БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің 117-сессиясында Қазақстандағы адам құқығын ахуалы қарама-қарсы тұрғыда бағаланды. Азаматтық белсенділер сынады, ал ресми тұлғалар керісінше мәлімдемелер жасады.

KAZ.365INFO.KZ. "Қазақтың мұсылман болғанын Ресей қаламаған. Немесе Тәңіршілдікті ойлап тапқан кім?" - Алматының мың жылдық тарихы бар. Тәңіршілдік деген жасанды дін. Бірақ осы дәлелденген дүниеге қоғамымызда дау туғызатындар әлі көп. Сондықтан бұл ретте біз тарихшы ғалым Нұрлан Салтаевтың Фейсбуктегі жеке парақшасындағы осы мәселеге қатысты жазбасын жариялауды жөн көріп отырмыз. Мұндағы тарихи дәйек «Алматының тарихы Верныйдан басталады немесе қазақ таза мұсылман болған емес» деп аузы қисаймай айтып жүрген ағайындарымыздың аузына құм құя жатар, бәлкім…

"«Қазақский, русский, английский — три подружки!». Немесе үштілдікті қолдап жүрген кім?" - 2015 жылғы қарашада Қазахстанда үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын бекітіп қойыпты. Ол балаларға бірден үш тілді — орыс, ағылшын және қазақ тілдерін оқытуға негізделген. Соңғы үш жылда осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қандай жұмыс атқарылды?

ZHASALASH.KZ. "1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне –100 жыл" - Тарихшыларымыздың пiкiрiне сүйенсек, 1916 жылы үлкенi бар, кiшiсi бар, қазақ даласында 300-ге жуық көтерiлiс болыпты. Ресей патшасы II Николайдың 25 маусымдағы жарлығы(Орта Азия мен Қазақстандағы бұратана халықтардың 19 бен 41 жас аралығындағы ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы) қазақ халқының ашу-ызасын туғызып, көтерiлiстiң бiрiнен кейiн бiрiнiң тұтануына әкелiп соқты.

"Кадрлық ауыс-түйiс және сүйкiмдi «ойыншықтар» сыры" - Қазақ билiгiндегi шендiлер ерке баланың қолындағы ойыншық секiлдi. Қайсысын қайда қою – иесiнiң еркiнде. Қажетiне жаратып, қызықтай тұрам десе де, тозығы жеттiге санап, торкөз жәшiкке атып ұрам десе де, өзi бiледi. Бұл жолы салдырлата шашып жiберiп, қайта жинағанда “ойыншықтарының" саны түгел шықты. Тек кейбi­реуiнiң орны ауысып кеткенi ғана болмаса.

ABAI.KZ. "Асқар Мырзахметовтың жер мәселесіндегі ұстанымы қандай?" - Кеше Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында вице-прьемер, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың халық есеп беру жиыны өтті. Сол жиынға қатысу үшін бір топ журналист Алматыдан жолға шықтық. Жаңбырлатып жүріп, қалаға түс әлетінде жеттік. Облыс әкімшілігіне барғанымызда министрді күткен жұрт залға жиналып, өзге аймақтардан тікелей желі арқылы қосылған басшы-қосшы, фермерлер де дайындалып отыр екен. Көп күттірмей, министр де келіп, жиын басталды. Мырзахметов ауыл шаруашылығы министрі қызметіне жаңа тағайындалса да бұл саланың мәселелерімен жақсы таныс екенін байқатты. Оның өз себебі бар екен. Оны министрдің өзі журналисттермен жеке кездескен кезде айтты: «Өздеріңіз білетіндей, 6 жыл Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінде болдым. Сондықтан, ауыл шаруашылығының жағдайы маған жақсы таныс» деді ол.

"Ұлыбритания ЕО-дан шықты. ЕАЭО-ның ертеңі не болмақ?" - Бүгін Ұлыбритания Еуропалық одақтан шықты. Жалпы халықтық референдумның нәтижесінде 16,7 миллион адам Британияның ЕО-дан шығуын жақтап дауыс берген. Ресми деректерге сүйенсек, британдықтардың 52 пайызы Еуроодақтан шығуды жақтаса, қалған 48 пайыз халық керісінше, еуро интеграцияны қолдаған.

TURKYSTAN.KZ. "Жалған анықтаманың құны қанша?" - Жоқ сырқатты сылтауратып, сабаққа немесе жұмысқа бармай қалу қазір сөз емес. Өйткені ақшаң болса, науқас екеніңді «айғақтайтын» анықтаманы әп-сәтте қолға ұстата қоятын медициналық мекемелер көп. Оқуға құжат тапсыру, жұмысқа орналасу немесе жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті медициналық анықтаманы алу үшін де емханада кезек күтудің қажеті жоқ. Денсаулықта кінәрат жоқ екенін растайтын тілдей қағазды табыс көзіне айналдырғандар заң алдында жауап беруге тура келетінін қаперге алмайды.

QAMSHY.KZ. "Билік жер мәселесін оңтайлы шешуге шынымен мүдделі болса, белсенділерді қудалауын неге тоқтатпайды?" - Сәуір айының соңында Атырауда болған митинг жер реформасына наразы халықтың сол кездегі ақырғы амалы еді. Мәселенің маңыздылығына басқаша назар аударту мүмкін емес еді. Одан Ақтөбе, Қызылорда, Семей қалаларында да халықтық наразылық шаралары өтті. Алматылықтар Жалпыреспубликалық митинг өтеді делінген 21 мамырды күтпей 7 мамырда митингке шықпақ болды. Біраз белсенділерді сол күні таңертең үйлерінен полиция алып кетіп жатты.

"Илья Ильин алаяқ па, құрбан ба?" - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасының сынамаларын қайта тексеріп, нәтижесінде 4 қазақстандық чемпионның: Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованың қанынан рұқсат етілмеген препараттардың табылғанын жариялады. Олар допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілген еді. Одан кейін И. Ильиннің Бейжің олимпиадасы кезінде тапсырған сынамаларынан да тыйым салынған заттар құрамы анықталғаны белгілі болды.

DALANEWS.KZ. "Харуки Муракамимен сұхбат" - Джаз – ол хоббидан басқа еш нәрсе емес. Бірақ, шынымен де бірнеше жыл бойы он сағаттан джаз музыкасын тыңдаған кездерім болды. Сондықтан бұл музыка мені өзінің ритмімен, үнімен, стилімен өз тереңіне тартып келді. Мені шығармашылыққа джаз-клуб ашуым алып келді десем болады. Бір жолы клубтың ішінде қара нәсілді америкалық әскерлердің туған жерлерін еске алып, жылап отырғандары таңғалдырды. Дәл осы сәтке дейін мен батыс мәдениетіне барынша құмар едім. Бұл он-он екі жасымнан басталған қызығушылық еді. Сол бір қара нәсілді америкалық әскерлердің жылағанын көрген кезде, батыс мәдениетін қанша жерден сүйсем де, бұл мәдениет маған қарағанда сарбаздар үшін әлдеқайда маңызды екенін түсіндім.

ULT.KZ. "Әмірхан Балқыбек. Қағанатты кітап құлатты…" - ХҮI ғасырдың басы. Төңiрегiндегi тайпаларды уысында ұстап тұрған, ашық майданда қай-қай жауына да 3 миллионнан артық жауынгердi сақадай сай етiп қарсы қоя алатын қаһарлы ацтектер айналасы бiр-екi жылдың iшiнде жалпы саны 800-дей ғана болатын испан конкиста­дор­ларынан быт-шыт болып жеңiлдi. Ұлы ацтек империясының шаңы­рағы ортасына түстi. Ацтектердiң патшасы Монтесума испандықтармен бiтiмге келуге тырысып бақты, бiрақ испандықтарға Монтесумамен мәмiле емес, алтын керек едi, ақырында өзi келiп қолға түскен патшаны да сол алтынның жолына құрбандыққа шалып жiбердi.

24 маусым 2016, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.