Атырау, 26 сәуір 11:13
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Балабақшада зақым алған бүлдіршін ауруханада көз жұмды

2 722 просмотра

20 маусымда Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы балабақшада оқыс жағдай орын алды: үш жасар бүлдіршін балабақшаның екі қабатты ғимаратының ішкі баспалдағынан құлап, басынан ауыр жарақат алған.

Сәби аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ота жасады. Алайда, бүгін, 23 маусымда сәби көз жұмды.

– Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 141-бабы («Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау») бойынша іс қозғалды, - деп хабарлады Қызылқоға АІІБ тергеушісі Дархан БОЛЖАНОВ. – Сотқа дейінгі тексеру-тергеу шаралары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 маусым 2016, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.