Атырау, 3 мамыр 05:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қанішерлер құтылмады

2 106 просмотра

10 маусымда полицияға Махамбет ауылындағы үйлердің бірінде 76 жастағы үй иесінің зорлық белгілері бар мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Мүрдені көршісі тапқан.

Полицейлер марқұмның үйде жалғыз өзі тұрғанын анықтады. Ал бірнеше күн өткеннен кейін кісі өлтірді деген күдікпен екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олардың бірі бұрын қарақшылық үшін, екіншісі ұрлық үшін сотталған. Олар үйде ішімдік ішілгенін көрсетіп, тергеу ісін жаңылдырмақ болғандарын мойындады: үстелге екі қырлы стаканды қойып, тамақтарды, темек тұқылдарын шашып тастаған. Ал іс жүзінде қарияны салқынқандылықпен өлтіріп, оның шкафынан бүкіл зейнетақы жинағын алып кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 маусым 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.