Атырау, 3 мамыр 06:25
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Көршісін өлтіріп, 17 жылға түрмеге отырды

2 162 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірді деп айыпталған Атырау қаласының тұрғынына үкім шығарды.

Бұл оқиға биылғы жылдың ақпанында орын алған. Азамат Е. түнде мас күйде тонау мақсатында терезе арқылы өз көршісінің пәтеріне түседі. Қожайын әйел оянып кетіп, қылмыскерді танып қалады.

Сол кезде Е. асүйге жүгіріп, асхана пышағын алып, әйелге көптеген пышақ жарақатын салады. Әйел алған жарақаттан көз жұмады.

Қаскүнем пәтерден 150 мың теңге тұратын алтын сырға-сақиналарды алып, қылмыс орнынан бой тасалайды. Кешікпей, осыдан кейін оны полицейлер ұстайды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Е. кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 маусым 2016, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.