Атырау, 3 мамыр 00:37
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Атырауға героин көрші «зонадағы» нұсқау бойынша келген

2 037 просмотра

Image 0Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде есірткілерді тасымалдау және өткізу ісі бойынша үкім шығарды.

2015 жылдың қыркүйегінде Ақтау қаласында қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан тұтқын бұрын сотталған таныстарынан қылмыстық топ құрып, Тараздан Атырауға героин тасымалдап, оны өткізуді ұйымдастырған.

«Ұйымдастырушы ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-тармағы («Есірткі заттарын қылмыстық топтың тасымалдауы және өткізуі») және 262-бабының 1-тармағы («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету») бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен қатар 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Осы үкіммен қылмыстық топтың екі қатысушысы 17 жылдан жаза алды, тағы біреуіне – 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім берілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2016, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.