Атырау, 19 мамыр 15:00
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

1 853 просмотра

Құрманғазы ауданы

Image 0Құрманғазылық балықшылар көктемгі балық аулау маусымы кезінде жылдық лимитті 49 пайызға орындаған.

- Біз күзгі балық аулау маусымынан көп үміт күтіп отырмыз, - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ.Көктемде су мол келіп, теңіз тамағының тайыздығынан көп балық жайылма суға шығып кеткен болатын. Балықшылар онда қайықпен бара алмады.

Ал, әзірге балықшылар күзге дейін ау-құралдарын жинап, 30 гектар жерге картоп егуге кіріспек.

* * *

Қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен жабдықталған «Жәрдем» медициналық пойызы - «Қазақстан темір жолы» ҰК акционерлік қоғамы және ҚР-ның Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жобасы.

Медициналық пойыз маусым айының ішінде Ганюшкино, кейін Афанасьев бекетіне тоқтайды. Мұнда ауыл тұрғындарына Астрахан, Павлодар, Ақтөбе қалаларының бірінші және жоғары санатты терапевт, гинеколог, хирург, маммолог, уролог, стоматолог дәрігерлеріне тегін қаралу мүмкіндігі туып отыр.

***

Исатай ауданы

Исатай ауданында Жанбай, Тұщықұдық және Х. Ерғалиев ауылдарының бас жоспарлары бекітілді.

Жаңа ғимараттар мен демалыс орындарының құрылысын жобалау және нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.

* * *

Жанбай ауылындағы апатты жағдайда тұрған Нәубетов атындағы орта мектеп жөнделмек.

Ғимаратты күрделі жөндеуге бюджеттен 96 млн теңге бөлінді. Мердігер – «Гамма-С» ЖШС жұмысын бастап кетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.