Атырау, 3 мамыр 02:33
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Өте жеңіл үкім берді деп есептеймін»

2 339 просмотра

Мамырдың аяғында Батыс Қазақстан облысының Теректі аудандық соты жыл басында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік апаты туралы іс бойынша үкім шығарды.

Бұл 17 қаңтарда Орал-Ақсай тас жолында орын алған еді. «Фольксваген-Шаран» қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада Приорамен» соқтығысады. Апат салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Оның үшеуі сол жерде, тағы екеуі біраз уақыттан кейін ауруханада көз жұмды. Сот апатқа кінәлі тұлғаға – «Шаранның» 41 жастағы жүргізушісіне колония-қонысына 5 жыл мерзімге жаза кескен еді.

Үкімді негізді деп есептемеймін, - дейді «Приорадағы» қаза болған әйелдің әкесі, Атырау тұрғыны Қайрат ҚОЖАХМЕТОВ. Мен бір сәтте күйеу баламнан қызымнан, немеремнен айрылдым. Марқұмдардың артында тағы екі жас баласы қалды. Сотта «Шаран» жүргізушісінің ұялы телефонмен сөйлесіп, сағатына 120-140 км жылдамдықпен келе жатқаны, бастысы – аяқ астынан қарсы жолаққа шығып кетіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығы дәлелденді. Ол айыпталған ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Бірақ сот колония-қонысына аз мерзімде жаза тағайындаумен шектелді. Біз бұл шешімді өте жеңіл деп есептейміз және апелляциялық шағым беріп қойдық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 маусым 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.