Атырау, 2 мамыр 03:11
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Прокуратура: Жерге қатысты митингілерді Төлешов қаржыландырған". "Ақтөбедегі атыс пен шабуыл нені білдіреді?". "Сақалдылар сойқаны Ақтөбемен аяқтала ма?". "Ерлан Қарин: Бұл қауіпті тек күшпен басып ұстау мүмкін емес". "«Ортақ өгiз» өлуге айналды".

4 224 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Прокуратура: Жерге қатысты митингілерді Төлешов қаржыландырған" - Тергеу болжамдары бойынша, шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов билікті күш қолдана отырып басып алуға әрекеттенген, бірнеше қалада өткен жер реформасына қарсы акцияларды қаржыландырған. Бұл туралы бүгін брифингте ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлімдеді.

"Ақтөбедегі атыс пен шабуыл нені білдіреді?" - Ақтөбеде қарулы топ әскери бөлімге шабуыл жасап, полициямен атысты. AzattyqLIVE оқиғаны отставкадағы ҰҚК қызметкері Арат Нарманбетовпен орыс тілінде талқылады.

"Қырғыз сарапшысы: ТМД-ның келешегі бұлыңғыр" - Үмітәлиев: - Мысалға Ресей сарапшыларының пікірін келтірейін. Олардың айтуынша, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасалмайынша, Ресей экономикасы құлдырай береді. Бұл жағдай басқа ТМД елдеріне де әсер етеді. Жақындасуға деген ниеттің жоқтығы да осыдан. Бұл - шындық. Ондай реформалардың төбесі де көрінбейді. "Реформа жасалады" деген сөздер құр уәде ғана. Ресейдегі сайлаудың алдында сондай мәлімдемелер айтылады да, кейін ұмыт қалады.

ZHASALASH.KZ. "«Ортақ өгiз» өлуге айналды" - Астанадағы Еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы салы суға кетiп, бiр-бiрiне томсарған бес президенттiң өзара ренiштерiн анық байқатты. Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерi одақтың алдына қойылған бiрде-бiр мақсатқа қол жетпегенiн мойындауға мәжбүр болды. Уәде етiлген ұлттық экономиканың бәсекелестiгi адыра қалып, тауар айналымы құлдырап кеттi, қаржы, еңбек күшiнiң еркiн айналымының орнына Ресей мигранттарды қуып жатыр, одақтастар өзара бiресе ет үшiн, бiресе сүт үшiн “жүз шайысып" қалуда.

"Әке «көрген» офшорға құмар" - “Менен озу үшiн өзiңнен озатын бала таптырып ал!". Құнанбай Абайға айтыпты дейтiн осы сөздi Кенжекең ұлына мысал қыла алмаса керек. Өйткенi кiшi Сағадиевтiң аты жер жарып тұр. Сүйкiмiн қайдам, жарты жылға жетер-жетпес уақыттың iшiнде бiлiм саласының астын үстiне шығарған ол қазiр Қазақстандағы ең сұрапыл шенеунiкке айналды. Бiрақ оған бола әкенiң абыройы төмендеп қалды деуге болмайды. Жердiң әңгiмесi қозғалса бiттi, Кенжекең шапанын шешiп тастап, “сату керекке" шығады. Қысқасы, екеуi де елдiң аузында. Әке – балаға, бала – әкеге сай.

QAMSHY.KZ. "Дәурен АБАЕВ Ақтөбе оқиғасына қатысты ақпарат таратқан журналистерге алғыс айтты" - Еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен абаев кешегі Ақтөбе қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Сақалдылар сойқаны Ақтөбемен аяқтала ма?" - Кеше Ақтөбе қаласында болған лаңкестік әрекет бүкіл елдің үрейін туғызды. Оның дақпырты тек Қазақстан емес, әлем елдеріне тарап жатыр. Ресми түрде оқиғаға лаңкестік әрекет деген баға берілді. Қалада лаңкестікке қарсы операция режимі енгізілді. Қарулы күштер мен арнайы органдар күшейтілген жағдайда қызмет атқаруда. Бүгін таңертең тағы да қала ішінде атыс болып, бірнеше қылмыскер өлтірілді, бірнешеуі қолға түсті деген де ақпараттарауда.

BAQ.KZ. "Президент Ақтөбедегі жағдайды бақылап отыр" - Астана. 6 маусым. Baq.kz – Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов Президенттің Ақтөбедегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Ақтөбедегі атыс: сатушыны не үшін пышақтап тастады?" - Астана. 6 маусым. Baq.kz – Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Ақтөбеде болған кешегі лаңкестік әрекеттер туралы баяндап берді Оның айтуынша, қазіргі кезде қаладағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

BNEWS.KZ. "Т.Төлешов билікті күшпен басып алмақ болған" - «Шымкент пиво» серiктестiгiнiң бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовтың бiрқатар сыбайлас жақтастары тұтқындалды. Бұл туралы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Карасев ҚР Бас прокуратурасында өткен брифинг барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

TURKYSTAN.KZ. "Брексит: Ортақ өгізден оңаша бұзау?.." - Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу-шықпау мәселесі шешілетін референдумға айдан аз уақыт қалды. Біріккен Корольдіктегі барлық мәселенің түйіні қазір осы бір ғана сұраққа тірелген: «Еуроодақта қаламыз ба, жоқ па?». Осыдан 43 жыл бұрын кәрі құрлықтағы әріптестерімен одақтас болудың мәселесі де осылай қызу талқыға түскен деседі. Қызды-қыздымен, экономика, инвестиция, миграция, демография, әлеуметтік салаларды былай қойғанда, халықаралық саясат түйткілдерінің өзі осы референдум тағдырына байланысты талқыланатын болды. Алақандай аралда отырып, жарты әлемді басқарған астам пейілдің сарқыны, бәлкім.

"Медициналық қалдықтарды жоюдағы қитұрқылық" - Қоршаған ортаға төнетін қауіп аз емес. Табиғи апаттардан бөлек адамның қолымен жасалып жатқан қиянат қаншама. Соның бірі – медициналық мекемелерден шығарылатын қауіпті қалдықтар. Соңғы бірнеше жыл көлемінде медициналық қалдықтарды қалалардың маңына шығарып тастау деректері жиі тіркелуде. Ал мұның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсері оның заңға томпақ келетінін ескермей жүргендердің жазасы қандай болмақ?

"Жер Комиссиясының жұмысы көшпелі отырыстарға ұласпақ" - Өткен аптаның соңында Жер реформасы жөніндегі комиссия үшінші рет бас қосып, алдыңғы жиында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар өз жалғасын тапты. Бұл жолы талқыға түскен тақырып – жерді шетелдіктерге жалға беру я бермеу мәселесі. Үшiншi басқосуға комиссияның 75 мүшесiнiң 62-сi қатысып, 33 адам сөйледі. Айтылған пікір сан алуан. Жиынның басы апта бұрын құрылған 4 жұмыс тобының бір жұмада не тындырғанын тыңдаумен басталды.

ABAI.KZ. "Билік "халықтан" терроршы жасап жүргенде, нағыз террористерді ұмыт қалдырды" - Кеше Ақтөбе облысындағы атыстар салдарынан 20 адамның зардап шекендігі айтылды. ҚР ІІМ мәлімдемесінде 4 адамның қаза тауып, 7 күдіктінің ұсталғандығы және олардың екеуінің атыстар кезінде жарақат алғандығы да хабарланды. Аталған оқиғаға қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқы жүріп жатыр, қазір. Ақтөбедегі атыс туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мырза өзінің «Твиттердегі» жеке парақшасында«Қасиетті Ораза қарсаңында орын алған Ақтөбедегі терракт – төтенше цинизм мен қарақшылардың қатыгездігінің көрінісі. Олардың жазалануы үшін қазір ең ауыр шаралар қолданылуда», - деп жазыпты.

"Төлешов төңкеріс жасамақ болған ба?" - Ақтөбедегі терактіні және еліміздегі халықтық толқуларды ұйымдастырушы Тоқтар Төлешев болуы бек мүмкін, - деп хабарлайды informburo.kz сайты. Қазақстанның Бас прокуратурасы Ақтөбедегі терактіге қатысты пікір білдіріп, ұйымдастырушы азамат ретінде шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешевті атапты.

KAZ.365INFO.KZ. "Ерлан Қарин: Бұл қауіпті тек күшпен басып ұстау мүмкін емес" - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ақтөбедегі террорлық актінің орын алуына ең бірінші кезекте елдегі терроризм қаупіне жіті көңіл бөлінбегеннен деп есептейді, — деп хабарлайды Bnews.kz. Белгілі саясаттанушының айтуынша, ендігі кезекте оны тек күшпен басып ұстау мүмкін емес.

ұхтар Тайжан елімізде діни радикализмге жол ашқан бес себепті атады" - Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан елімізде діни радикализмге жол берген бес себепті атап көрсетеді. Оның ішінде, ұлттық идеологияның жоқтығын, тіпті, Қазақстанның тәуелсіз ақпарат кеңістігінің болмауын қатты сынайды. Ол бұл туралы Фейсбуктегіжеке парақшасында жазады.

DALANEWS.KZ. "Жер реформасын Кулагин мен Жолдасбековтен бастау керек!" - Ең алдымен айтып қояйын, өз басым жерді шетелдік компанияларға жалға беруге де, қазақстандықтарға сатуға да түбегейлі қарсымын! Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның Көкшетау қаласында өткен кезекті отырысында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннен комиссияның мүшесi Мұхтар Тайжан нақты қанша жері бар екенiн айтуды өтiндi. «Барлығы бүгiнде 80 мың гектар егiстiк жер бар», – дедi Сергей Кулагин.

"Үкімет ауылды неге ұмытып кетті?" - Ауылда болашақ бар ма, қалай ойлайсыз? Жоқ деп айтуға жүрегіміз дауаламай тұр. Өзіміз де ауылдан шыққанбыз өйткені. Бар деп айтуға тағы батпаймыз. Бетіміз бүлк етпей «ауыл гүлденіп келеді» десек, өтірік айтқан болар едік. Гүлденген дəнеңесі жоқ, өйткені.

KORRESPONDENT.KZ. "Мәсімов неге ел араламайды, халықтың алдына неге шықпайды?" - Дағдарыс дендеген сайын Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың жұмысына көңілі толмайтындардың қатары көбейіп келеді. Премьер-министр сарапшылардың да сын садағына жиі ілігіп жүр. Әлеуметтік желілерде оның отставкаға кетуін талап ететін жазбалар қаптап кетті. Мамыр айының басында өткен жиында Елбасы да министрлер кабинетінің жұмысын жаратпай тастамағанымен, қатты ақсағанын қадап айтты. Соған қарамастан заманауи Қазақстан тарихында Үкіметтің тізгінін ең ұзақ ұстаған Қажымқанның ұлы орнынан кетпек түгіл, мұрты да қисаймағанын көріп жүрміз.

"Бас мүфти тарауих намазы алдында Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікірін білдірді (видео)" - Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы әрі "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы таңғы тарауық намазының алдында Ақтөбедегі атысқа қатысты пікір білдірді. Ержан қажы бұл туралы ойын мүфтияттың ресми сайты жария етті.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Ортақ ақпараттық кеңістік құру кімге тиімді?" - Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтіп, оған ЕАЭО-ға мүше бес елдің басшылары қатысты. Отырыс барысында Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды. Сонымен бірге, құжатқа қол қою рәсіміне Армения мен Қырғызстан президенттері де арнайы келіпті.

"Жерге қатысты дау-дамайға соңғы нүктені халық қояды" - Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның Астанада өтіп жатқан үшінші отырысы да мәресіне жетті. Ел-жұрттың жіті қадағалап отырғанын білетін өкілетті органдар бар мәселені ашық айтып, пікірталасқа да кең мүмкіндік туғызды. Халықтың атынан сөз алғандар да, мұндай мүмкіндік күнде туа бермесін сезді ме, аттың басын арагідік жіберіп-жіберіп алып отырды. Жер мәселесі қазақтың жанды жері екенін сезіне бастаған Үкімет мүшелері де қарап қалмады. Өз уәждерін алға тартып, әлемдік тәжірибеге арқа сүйеп, өз ұсыныстарын өткізуге тырысып бақты. Комиссияның бұл жолғы отырысында «Жерді шетелдіктерге жалға беру қажет пе, жоқ па?» деген мәселе көтерілді. Амал қанша, пікірлер тағы да екіге жарылды. Жасыратын несі бар, комиссия мүшелерінің көпшілігі жерді шетелдіктерге жалға беру, сөйтіп шеттен елге инвестиция, жаңа технология әкелу, яғни жерді бос жатқызбай, ұтымды пайдаланып, пайда табу көзіне айналдыру жағында болды.

EGEMEN.KZ. "Ел пікірі ескерусіз қалмайды" - Аймақтық мәжіліс астаналық облыстан бастау алды. Жер реформасы бойынша рес­публикалық комиссияның ал­ғашқы көшпелі мәжілісі Көк­шетауда өткізілді. Оның жұмысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етті. «Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерді талқылау» күн тәр­тібін қарастырған оты­рысқа Рес­публикалық комис­сия­ның 29 мүшесі, облыстық ведомство­лар­дың, шаруашылық құрылым­дары­ның басшылары, мәслихат депу­таттары, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

AIKYN.KZ. "Польша Қазақ хандығы туралы кітап шығарды" - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты бірлесіп, ұйымдастырған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

6 маусым 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.