Атырау, 26 сәуір 11:16
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

87 ел және халықаралық 15 ұйым "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады

2 212 просмотра

Фото: akorda.kzМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Есімов Мемлекет басшысына халықаралық EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндады.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес орындалып жатқанын айтты. Қазірге дейін 87 ел және халықаралық 15 ұйым көрмеге қатысатынын растаған екен.

Көрменің тақырыбын ашатын ерекше нысандардың бірі "Үздік практик аймағы" болады.

"Бұл жерде өз жобасын таныстыратындар энергетика саласында жетістікке жетіп қана қоймай, осыған сәйкес технологияларды, стратегиялар мен жобаларды дамыту жөнінде тәжірибе, пікір алмасады", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті көрменің сапалы өтуі үшін халықаралық тәжірибені қолданудың маңызына да тоқталып өтті.

Дереккөз: Тengrinews.kz

30 мамыр 2016, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.