Атырау, 26 сәуір 10:34
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мұнай баррелінің бағасы 50 долларға жетті

2 060 просмотра

Фото: medialeaks.ruӘлемдік базарда мұнай баррелінің бағасы биыл алғаш рет 50 доллардан асты. Азия биржаларындағы сауда нәтижелерінде тіркелген баға өсімі экономикасы мұнайдан түсетін қаражатқа тәуелді елдер, солардың арасында Ресей, Қазақстан, Иран мен Ирак үшін маңызды,- деп хабарлады Азаттық.

Мұнай бағасы туралы жаңалық тарап жатқанда Қазақстан ұлттық валютасының бағамы аздап көтерілді. Жергілікті қор биржасында бүгін таңертеңгі сауда сессиясында қазақ ақшасының бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 333,07 теңгені құрап, осыдан бір күн бұрынғы деңгейінен 3,17 теңгеге нығайды.

Жыл басында 27 долларға саудаланған Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы қазір 50 долларға жетіп отыр. Бұл уақытта Иран мұнай өндірісінің көлемін санкция салынғанға дейінгі деңгейге – тәулігіне төрт миллион баррельге дейін жеткізуге күш салып жатыр.

Талдаушылар мұнай бағасының қайта қалпына келе бастауын АҚШ федералдық қаржы жүйесінің пайыздық мөлшерлеме деңгейін көтеруімен, оған қоса Канададағы ірі мұнай кеніші орналасқан маңдағы ормандағы өрт және Нигериядағы тәртіпсіздіктермен байланыстырады. Әлемде мұнай бағасы доллармен есептеледі.

Сингапурдағы сауда барысында фьючерс келісімі бойынша Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 27 центке қымбаттап, 50,01 долларға жетті. Америкалық WTI маркалы мұнай баррелі 21 центке өсіп, 49,77 долларды құрады.

Дереккөз: Аzattyq.org

26 мамыр 2016, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.