Атырау, 26 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жастар бағы жоспарланды, енді ақша табу керек

1 785 просмотра

Егер бұл жобаға ақша табылатын болса, Атырауда Жастар демалыс бағы болады.

«Жайық тайыздануда, бізге «Орталық бақ» керек» (“АЖ", №19, 12.05.2016 ж.) жарияланымын әзірлеу барысында анықталғандай, АМУ іргесіндегі Жайық айналмасының осы учаскесін бұрын да көздеп жүрген екен – 2012 жылдың желтоқсанында Атырау қаласының сол кездегі әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ ол жерден жастарға арналған бақ салу идеясын айтыпты. Таң қаларлығы, ол бойынша 2014 жылы жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасалған. Алайда экономикалық дағдарысқа байланысты оны іске асыру үшін ақша табылмаған. Егер қала 2017 жылға дейін оны қаржыландыруды бекітпесе, ЖСҚ өзінің өзектілігін жоғалтады. Сонда оны әзірлеу үшін ақша зая кеткен болып шығады.

ЖСҚ-ға сәйкес, 6 гектардай алаңы бар бақта балалар мен ересектерге арналған екі бұрқақ, үш бассейн, 2 қабатты кафе, жазғы амфитеатр, аттракциондары бар көңіл көтеретін аймақ, теннис корттары мен үстел теннисіне арналған алаң, волейбол және баскетбол алаңдары, мини-футболға, картингке арналған алаңдар, жаттығу залы мен жаттығу құралдары бар ашық алаң, 150 орындық автопарк қарастырылған. Осы жобаның бәрін жүзеге асыру 852 млн теңгеге шығады.

- Ал, Орталық бақ ше? Еріктілер 400-ден астам терек екті. Кеңейтуге ниетті, өйткені, қалалық әкімдік олардың бастамасына жақсы көзқарас танытып отыр.

- Олардың ағаштар отырғызған бөлігі – олардың ұсыныстары бойынша тәлімбақ болып табылады. Яғни, кез келген уақытта бұл ағаштарды, егер олар жерсінсе, басқа учаскелерге қайта отырғызуға болады. Сондықтан проблема болмайды деп ойлаймын, - деп есептейді қалалық құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әлем УӘЛИЕВ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.