Атырау, 26 сәуір 08:35
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ауылға немесе құрылыс жасағына бар

1 861 просмотра

Ресми ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы жастар арасында жұмыссыздық бар болғаны 2 пайызды құрайды, деп мәлімдеді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Салыстыру үшін келтірсек, республикада бұл цифр сәл жоғары – 4,3 пайызды құрайды.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 679 адам жұмысқа орналастырылды. Оның 859-ы – тұрақты жұмыста. 275 адам үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 63 млн теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында ауылдық жерлерде жұмыс істегілері келген 130 түлек жалпы сомасы 19 млн 301 мың теңге мөлшерінде көтерме ақы алды. 40 жас маманға баспана сатып алуға 127 млн бюджет қаржысы бөлінді. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы студенттердің жұмысшылар бригадасын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 22 млн теңге бөлінді. Жазғы каникул кездерінде қосымша табыс тапқысы келетін студенттер айына 40 мың теңгедей алатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
24 мамыр 2016, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.