Атырау, 3 мамыр 05:50
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Оқиғалар тізбегі

2 374 просмотра

Сәуірдің аяғында қала маңындағы Ақжар поселкесінің 35 жастағы тұрғынының үйінің жанында тұрған КАМАЗ-дың екі аккумуляторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 20 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Заттай айғақтар алынды.

***

Құрманғазы АІІБ-не 60 жастағы әйелден шағым түсті. Оның келіні үйінен «Самсунг» теледидары мен екі паласты ұрлап кеткен екен. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Мамырдың 12-іне қараған түні Атырау-Орал трассасының 19-шы шақырымында полицейлер бортты «Газель» көлігін тоқтатып, шанағынан жалпы салмағы 760 келі болатын табан балығы салынған 13 қапшықты анықтады. Тергеу басталды. 26 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қолхатпен босатылды.

***

Криминалды полиция Лесхоздың 20 жастағы тұрғынын ұстады. Оған Абай көшесіндегі үйлердің бірінің жанына қойылған «Лада Приора» көлігінің төрт дөңгелегін ұрлады деген айып тағылып отыр.

***

Атырауда «Бекіре» операциясының барысында Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және су полициясының қызметкерлері пластик пакеті бар 52 жастағы әйелді ұстады. Ішінде бір жарым келі қолдан жасалған қара уылдырық болған. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

***

Полицияға 26 жастағы қала тұрғыны шағымданды: наурызда Махамбет ауданының 23 жастағы тұрғыны одан қарызға 200 мың теңге алып, қайтармаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 14-іне қараған түні Доссор-Құлсары трассасында ВАЗ-2115 пен «Ларгус» көліктері соқтығысқан. 56 жастағы ВАЗ жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Үш жолаушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

***

Мамырдың 15-іне қараған түні полицияға Авангардтың 39 жастағы тұрғынынан шағым түсті. 27 жастағы әйел оның пәтерінен 5 мың теңге ұрлап кеткен екен. Күдікті ұсталды, бірақ ұрлау фактісін мойындамады. Тергеу жүргізілуде.

***

Жол-көлік оқиғасы 15 мамырда Құлсары-Теңіз трассасында орын алды. Алдын ала болжам бойынша 32 жастағы оралдық «Дэу Нексия» жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы келе жатқан «Фольксваген Пассат» көлігіне соқтығысады. Нәтижесінде «Дэу» көлігінің 29 және 36 жастағы жолаушылары Жылыой ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды.

19 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.