Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әскери билеттерді саудалаған офицерлерге айыппұл жазасы кесілді

2 836 просмотра

Биылғы жылдың қаңтарында 70 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған Атырау қалалық қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары мен мобилизациялық жоспарлау бөлімінің бастығы 4,9 млн теңгеден айыппұл төледі.

- Осы лауазымды тұлғалардың алдын-ала келісім бойынша әскери билеттер беру мәселесін жедел шешіп бергені үшін бірнеше рет пара алғандығы анықталды, - дейді Батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат АЕКЕНОВ. - Сотқа дейінгі тергеу кезінде ұсталған екі офицер де мойындау жауаптарын берді. Олардың әрқайсысына кепілдік түрінде 1 млн 60 мың теңге сомада бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергелушілер әскери прокурормен іс жүргізу келісімін жасап, қылмыстық іс Ақтөбе гарнизонының әскери сотына қаралу үшін жолданды. Әскери соттың үкімімен олар ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-тармағының 2, 4-ші тармақшаларында («Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен бірнеше рет пара алуы») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Әрқайсысына мүліктерін тәркілеумен және өмір бойы мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырумен қатар, параның 70 есе сомасы көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Бұдан басқа, сотталушылар әскери «капитан» шендерінен айырылып, әскери қызметтен босатылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 мамыр 2016, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.