Атырау, 2 мамыр 02:39
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мемлекеттік нөмір үшін төлеуге тура келеді

1 943 просмотра

ӘПБ-ден қайта жарақтауға рұқсат алған соң көлігіме газ жабдығын орнаттым. Бірақ техникалық төлқұжатқа қажетті өзгерістер енгізуге келген кезде маған басқа төлем түрлерінен бөлек менің жаңа тіркелген мемлекеттік нөмірім үшін тағы төлеуге тиіс екенімді айтты. Сонымен қатар, бұл нөмір үшін төлемей, өз нөміріммен жүре беруіме болатынын айтты. Айтпақшы, өткен жылдың тамызына дейін төлемнің мұндай түрі болған жоқ. Комиссия болып, төлемнің осындай түрін енгізуді талап еткенін айтты. Егер мен мемлекеттік нөмір алмайтын болсам, неліктен жаңасы үшін ақша төлеуім керек?

Борис

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ӘКБ ӨЕБ бастығы Марат ҚАЛИБЕКОВ жауап берді:

– 2014 және 2015 жылдардағы ҚР ІІМ-нің бірқатар бұйрықтарындағы (№862 және №999) өзгерістерге сәйкес, қайта жабдықтауға немесе автокөлік құралындағы агрегаттарды ауыстыруға байланысты көлік құралын тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу кезінде көлік құралдарының қожайындарына ТЕБ-не төмендегі құжаттарды ұсыну керек:

1. тіркеу актісі (көлік құралын есептен шығару);

2. жеке басын анықтайтын құжат;

3. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде белгіленген баж салықтары мен алымдарды төлеу туралы құжаттар, соның ішінде мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін түбіртек, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, салық алымы;

4. техникалық құжат;

5. көлік құралы;

6. ҚР аумағында көлік құралының арнайы (немесе арнайы емес) жабдығын орнатқан дайындаушы зауыттың немесе кәсіпорынның сертификаты немесе әкелінген жадбыққа тиісті кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.


5 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.