Атырау, 2 мамыр 03:09
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елес үйлер

2 393 просмотра

Үйлерімізді 1952 жылы «Геофизика» бірлестігінің құрылыс учаскесі салған. Бұл бір ауладағы он үй – Алтай көшесіндегі 5 үй мен қарсы тұрған Азаттық даңғылы бойындағы 5 үй. 90-шы жылдардың аяғында Азаттық бойындағы үйлер жөндеуден өтті, ал, Алтай көшесіндегі үйлер 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген. Бұл жерде 80-85 жасқа келген геофизик ардагерлер тұрады. Олардың үйлерді жөндеуге мүмкіндіктері жоқ. Техника мен ақша керек. Үй әбден тозған, құлайын деп тұр. Шіріген еден асты суға толған. Екінші қабатта тұратын көршілер жүрген кезде бірінші қабаттағы аспашамдар солқылдайды. Жылу тұрбалары жамау-жамау.

2015 жылы біздің аулаға қала әкімі Н.Ожаев келіп, үйлерімізді күреуге, ал, олардың орнына ескі үйлердің тұрғындары мен жаңа қоныстанушылардың барлығына пәтер жеткілікті болатын 8 қатарлы үй тұрғызылады уәде берді. 3-4 ай өткен соң қалалық әкімдіктен құрылыс болмайтындығы туралы хат келді. Сонда мұның әзіл болғаны ма? Қазір Нұрсая ықшамауданында көп үйлер салынуда, неліктен бізді сол жерге көшірмеске?

Алтай көшесінің тұрғындары Т. Жүнісов, А. Қайырова, А. Корчак, Л. Шульга

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– 1950 жылы салынған Алтай көшесіндегі №1, 3, 5, 7 және 9-шы үйлер тозығы жеткен үйлер деп танылды. Облыстық мәслихаттың «2014-2020 жылдар кезеңінде Атырау қаласының шеңберінде апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді күреу шараларының жоспарын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аталмыш үйлер күрелуге тиесілі апатты және тозығы жеткен үйлер тізімінде белгіленген. Облыстық мәслихаттың шешімі ұсыныс сипатында және сол шешімде көрсетілген апатты, тозығы жеткен үйлер мен жатақханаларды күреу жаңа баспананы салуға бюджет қаржысының бөлінуіне қарай жүргізілетін болады. Бұдан басқа, көшіру туралы шешім қабылдау кезінде күрелетін үй тұрғындарының 100 пайыз келісімі ескеріледі.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 сәуір 2016, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.