Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«РФ шекарашылары өз аумағында оқ атты»

Шұғыл
1 900 просмотра

Фото: Lenta.ru16 сәуірде астрахандық шекарашылар Қиғаш өзенінде ресейлік-қазақстандық шекараны бұзушыларға оқ жаудырған. Заң бұзушылардың бірі қолынан жараланды, деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері.

«Ақ Жайыққа» №2016 шекаралық әскери бөлімшесінің командирі Мұхтар ҚАНАБЕКОВ хабарлағандай, оқиға барысында ресейліктер Өзбекстанның үш азаматы мен Астрахань облысының екі тұрғынын ұстаған.

- Бұл жағдай қазақстандық-ресейлік шекарада емес, ресейлік тылда орын алған. Яғни, ресейлік шекарашылар заң бұзушыларды өз аумақтарында ұстаған. Біз өз тарапымыздан қазақстандық шекараны заңсыз бұзу орын алды ма, жоқ па, қазір тергеу жүргізудеміз.

Батыс өңірінің әскери прокурорының орынбасары Думан ӘБІЛОВ:

- Бүгінде бұл заң бұзушылардың шекараны қай жерден кесіп өткені және жалпы, кесіп өтті ме, ол жағы белгісіз. Оқиға ресейлік шекарашылардың тылында болған. Олар бізге бұл туралы ақпарат берген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.