Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Заңсыз сауда дүңгіршіктері алынып тасталады

Сурет
3 249 просмотра

Қалалық билік таяу уақытта фастфуд және басқа да тауарлар сатылатын заңсыз орнатылған дүңгіршектердің бәрін алып тастамақ. Осындай жерлерде сауда жасау құқығын кәсіпкерлер енді бәссауда арқылы алатын болады.

Бүкіл қалада стихиялы түрде пайда болатын уақытша нүктелерде сауда жасау еш жүйеленбеген. Атырау базарларының, дүкендердің, аялдамалар мен тұрғын үй массивтерінің ішінде рұқсатсыз, тіпті санитарлық кітапшасы жоқ басқа елден келген қонақтардың шаурма, донер, самсалары көптеп сатылуда. 14 сәуірде қалалық әкімдікте осыған қатысты кеңейтілген кеңес өтті.

- Қалалық сәулет бізге сауда павильондарын белгілеуге болатын 108 нүктені қарауды ұсынды. Мамандар тіпті қаламыздың таңбасының түсімен (ақ, көгілдір, сары және жасыл) орындалған дүңгіршектердің эскиздік жобасын жасап шығарды. Бұл учаскелерді кәсіпкерлерге бәссауда кезінде береміз. Осылайша, өткен жылы біз батуттар, аттракцион қожайындарының, тәттілер мен салқын сусындар сатушылардың жұмысын ұйымдастырдық, - деп Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ проблеманы көрсетті.

Сауда нүктелері 2 санатқа бөлінетін болады: тамақтар мен қызметтер. Павильондардың эскиздік жобалары мен мақсаттарын түбегейлі өзгертуге болмайды. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуанышбек МАҚАШЕВ сауда жасауға рұсқат берген кезде тауарлар мен қызмет түрлерін ескеру керектігін атап өтті. Мысалы, Авангардтың соңғы аялдамасында түрлі мақсаттағы бірнеше нүкте болуы керек. Бірінде нан-бөлке өнімдері, екіншісінде көкөністер сатылса, үшіншісінде аяқ киімдерді жөндейді және т.б. Үш павильонның үшеуінде де нан сатылмағаны жөн.


Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, уақытша сауда нүктелерін ашуға рұқсат тек ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жергілікті өнімдерді сату үшін берілген. Олардың жарамдылық мерзімі 15 сәуірден бастап 15 қазанға дейін. Дегенмен де, көпшілігі сауданы белгіленген уақытынан бұрын және кейін бастайды. Ал жалпы көпшілігі рұқсат алуды ойламайды да.

Кеңесте айтылған мәселелер бойынша, осы стихиялық және сауда нүктелерін тексеруге ешкімнің де құқығы жоқ екен. Бақылаушы органдар кәсіпкерге алдын ала хабардар етуге, құқықтық статистика орталығына белгіленіп, яғни, тексеруді ресімдеуі тиіс.

Ал егер бұл саудагер еш жерге тіркелмеген болса, мұны қалай жасауға болады?

Ресми түрде құжат бойынша ол мүлдем жоқ қой.

- 2013 жылдан бастап бізді көптеген өкілеттіктерден айырды. Біз енді бұл нүктелерді тексере алмаймыз. Дегенмен, өткен жылы осы дүңгіршектерде бірнеше өрт болды, тіпті кісі өлімімен аяқталған жағдай да орын алды, - деді ТЖ өкілі.

- Олар біздің рұқсатымызсыз өздеріне жақын маңдағы электр тораптарын жалғап алады. Біз мұның заңсыз екенін хабардар етеміз, ажыратып тастаймыз, ал олар келесі күні өздіктерімен қайта қосылып алады, - деп растады қалалық электр жүйелерінің басшысы Қуат СИСЕНҒАЛИЕВ.

- Олар жұмыс жасауға рұқсатты бізден алуға міндетті емес. Олардың қызметі хабарлама сипатында, яғни, олар тек сауда жасауды бастағандарын хабардар етеді. Бұл жақсы жағдайда ғана, - деп мақұлдады оларды Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ. – Ал нәтижесінде Атыраудағы донерхана туралы әлеуметтік желідегі сол роликті бәріңіз көрдіңіздер. Бір айдан кейін бізге оңтүстіктен нитраттарға толы қарбыздар легі әкелінеді. Өткен жылы оларды базар қабылдамады, басқа жақтан келген саудагерлер оларды осындай сауда нүктелеріне таратты. Оларды жою керек, өйткені антисанитарлық жағдайда тамақ сату түрлі ауруларды тарату ошағына айналуы мүмкін.

Оның айтуынша, кез келген сауда нүктесі азық-түліктер, жартылай дайын өнімдер сатып алынатын кәсіпорындармен келісімшарт жасауға тиіс. Санитарлық торап, суға, кәріз жүйесіне, электрге қосылу нүктелері, дәрілеу келісімшарты, өртке қарсы қызмет келісімшарты болуы тиіс.

Таяуда өтетін бәссаудаға 24 сауда нүктелері шығарылатын болады. Олар барлық ережелерді міндетті түрде сақтау шартымен беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор


15 сәуір 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.