Атырау, 17 мамыр 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Киік мүйізіне толы сөмке табылды

2 485 просмотра

Көрнекі суретАтырау станциясында желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Атырау-Алматы» пойызында жолаушылардың бірінің жүгін тексеру кезінде 260 дана киік мүйізін тауып алды.

Жүк қожайыны – Батыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
12 сәуір 2016, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.