Атырау, 18 мамыр 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

2 441 просмотра

ИСАТАЙ АУДАНЫ

Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қадыржан ЕРМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, әр апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде әртүрлі тауарларды көруге болады. Сондай-ақ, бір ісек қой 30 мың теңгеге, тұсақтар 20-23 мың теңге аралығында сатылуда. Ал сиыр және жылқы еттерінің 1 келісі 1 200 теңгеге, түйе еті 1 000 теңгеге сатылуда.

* * *

Жанбай ауылында екі қабатты 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.

Онда саз мектебі, кітапхана үшін де орын болады.

* * *

Аққыстау поселкесінде 160 орындық балабақшаның, ал, Х. Ерғалиев ауылында 100 орындық балабақшаның құрылыстары аяқталуға жақын.

Балабақшалар КТК, «Қазмұнайгаз» компанияларының демеуқаржысына салынып жатыр. Ата-аналар балаларының балабақшаларға қабылдануын асыға күтуде.

* * *

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

Махамбет ауданында тазалық айлығы жүріп жатыр.

Мекеме қызметкерлері қоқыстарды жинаумен бірге ағаш түптерін әктеу жұмыстарымен айналысуда. Олар Жайық жағасының тазалығына да үлкен мән беріп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.