Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Бұл әлеуметтік желі емес

2 827 просмотра

Бұрын «АЙРЕКС» білім қоры ретінде таныс болған «Жаңа ақпараттық импульс» ҮЕҰ «Ақпараттық технология ғасыры қоғамы» жобасының таныстырылымын өткізді.

«Айрекс» қоры Атырау мен Жылыой ауданында 2010 жылдан бері компьютерлік сауаттылық бойынша тренингтер өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде 4,5 мыңнан астам адам курстардан өтті. Қор қызметкерлері мұғалімдер мен оқушыларды оқытумен айналысады және мектептегі компьютерлік сыныптарға көмектеседі: локальді жүйені ретке келтіреді, интернетке қосады, компьютерлерді жөндейді. Ал 2013 жылдан бастап педагогтар мен оқушыларға Жылыой ауданының медиктері, жұмыссыздар, балабақша қызметкерлері, сондай-ақ, отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балабақша үйінің қызметкерлері қосылды. Барлығы үшін сабақтар тегін жүргізіледі. Оқыту үшін жағдайлары жоқ мекемелердің өкілдерін үйлестірушілер жаңа компьютерлермен және жылдам интернетпен жарақталған ҮЕҰ-ның өз сыныбына шақырады.

Аға буынға жаңа ақпараттық технологияны игеру қиынға түседі деп есептеледі. Бұл рас. Бірақ жастар да білімге зәру – олар әлеуметтік желілерді қолдануда «тәжірибелі», ал білім бағдарламаларын игермеген, - дейді ҮЕҰ директоры Светлана АЙТПАЕВА.

5 жыл табысты қызмет еткеннен кейін ҚР-ғы «Айрекс» халықаралық зерттеулер мен алмасу жөніндегі кеңес өкілдігі қазақстандық филиал жеткілікті тәжірибе жинап, ҮЕҰ ретінде дербес қызмет ете алады деген тұжырымға келді. Жаңа құрылған үкіметтік емес ұйымның ағымдағы жылы білім беру, медицина, ҮЕҰ және т.б. 400 өкілін оқытуды жоспарлаған. Қазір Атырауда 40 мұғалім және Жылыой ауданында 26 балабақша тәрбиешісі компьютерлік сауаттылық курстарын меңгеруде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.