Атырау, 18 мамыр 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

1 576 просмотра

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

Қызылқоға аудандық жергілікті полиция қызметі бастығы Арман ЖАЗЫҚБАЕВ учаскелік инспекторлармен бірге он округте болып, осы кезге дейін атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді.

Жиында тұрғындар, әсіресе, мал ұрлығы жөніндегі мәселені көтеріп, талқыға салды.

***

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

Махамбет ауданындағы жүзден астам диқан егістік науқанына дайын.

Аудан бойынша 2 700 гектар жер жыртылып, егіске дайындалуы тиіс. Өткен жылы 1,5 гектар сүдігер жыртылды.

31 қыстақта отырған махамбеттік шаруалар биыл 5 700 бұзау, 17 000 қозы, 1 000 құлын, 600 ботаның төлдеуін күтіп отыр.

Қазірдің өзінде 712 бұзау, 3 436 қозы төлдеген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.