Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Қазақтелеком» шоттары туралы

7 027 просмотра

Image 0Ай сайын телефон мен интернет байланысы үшін ақы төлей отырып, біз, тіпті, есепшотымызға қандай қызмет түрлері үшін ақша төлеп отырғанымызды аңғармаймыз. Біздің оқырманымыз да ғаламторды ажыратып тастаған кезде көп жылдар бойына бүкіл Қазақстан бойынша лимитсіз сөйлесулерді төлеп келгенін кездейсоқ білген. Және бұл қызметті бірде-бір рет пайдаланбапты, өйткені, бұл туралы білмеген де екен.

Тек осыдан кейін ғана ол шоттарды мұқият тексере бастаған. Қанша ойланса да, Қазақтелеком қызметі үшін төлемақы қалай есептелетінін ақыры түсіне алмаған. Шотта үнемі абоненттік төлем екі рет көрсетіледі, сомалары да түрлі. Бұл қандай абоненттік төлемдер? Біреуі телефон үшін, ал, екіншісі ше? Біреулерге тіпті үй телефоны қажет емес, бірақ интернет қызметі қажет, мұндай абонент телефон байланысы қызметінен бас тарта ала ма? Осы сұрақтардың барлығын «Қазақтелеком» АҚ-на жолдаған едік. Атырау ОТД бас директорының орынбасары – коммерциялық директор Р.ЖҰБАТҚАНОВАНЫҢ қолы қойылған ресми жауаптар алдық.

Осы құжатқа сәйкес, берілген шоттың анағұрлым толық мәліметін telecom.kz сайтындағы жеке кабинеттен қарауға болады. Жеке кабинетке қосылу үшін 160 нөміріне хабарласу қажет. Интернет қызметін қолданбайтын абоненттер үшін шоттағы төлемдер нақты тұтынылған қызметтер бойынша бейнеленеді (мәселен, телефон үшін, қалааралық қоңыраулар, телехабарлар үшін және т.б.). «Интернет» қызметін пайдаланушы абоненттер үшін, тиісінше, таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес абоненттік төлемдер бар.

Бұл жауапты біз қанағат тұтпадық, сондықтан анағұрлым толық ақпарат алу үшін «Қазақтелеком» сатуды басқару қызметінің басшысы Әлия ОРАЗОВАҒА хабарласуға тура келді. Оның айтуынша, бұрын абоненттер тек белгілі бір позициялар, айталық, телефон, қалааралық байланыс (егер қоңыраулар қалааралық болса) және интернет қызметтері бөлек көрсетілген шоттарды алатын. Ал, абоненттік және түрлі қосымша қызметтер төлемі көрсетілген заманауи толық шоттар орталық аппараттан беріле бастады. Шот абонент қолданатын пакетке байланысты өзгереді. Кейбірінде қосымша қызметтер көрсетіледі: кодтау (егер клиент «сегіздікке» шығу үшін арнайы код орнатса), қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау, оятқыш сағат және т.б.

Интернетті уақытша ажыратқан, бірақ әзірге желісін сақтап қойған оқырманымызға, неліктен екені белгісіз, интернет үшін абоненттік төлем мен интернет үшін жеке төлем көрсетілген шот келген. Сонда интернет үшін абоненттік төлем мен белгілі бір тариф үшін тағы төлем болғаны ма?

- «Интернет» қызметін уақытша ажыратқан кезде абонентке портты брондау/резервтеу қызметі үшін ғана ай сайын төлем есептеледі. Бұл белгіленген төлем болып табылады және тарифтік қызмет жоспарына байланысты емес. Ал, интернетті пайдаланатын абоненттер абоненттік төлем мен таңдалған жоспарға сәйкес төлейді, - дейді Ә.Оразова.

- Сонда бұл қосымша сома қайдан шығып отыр? Бұл мүмкін абонент интернет қызметінен бас тартқанға дейін өткен күндердің төлемі шығар. Мәселен, ол жұмада, айдың 5-де өтініш жазса, өтінішті қарап, ажыратқанша тағы бірнеше күн өтеді. Осы уақыт ішінде төлемақыны есептеген шығар?

- Иә, бұл толық емес абоненттік төлем мен интернет қызметінің төлемі болуы мүмкін.

Пайдаланушыларды алаңдататын тағы бір мәселе – қандай опциялардан тұратындығы туралы хабардар етпестен неліктен абоненттерді жоғарғы тарифке қосады? Нәтижесінде олар пайдаланбайтын қызметтер үшін төлейді. Ресми жауапта телекоммуникациялар қызметіне қосылу 160 телефон нөмірі бойынша, корпоративті www.telecom.kz сайты, филиалдардың байланыс орталықтарының электронды мекенжайлары, ақпараттық дүңгіршектер мен «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының тікелей сервис жүйелері пункттері арқылы берілген абоненттердің өтініші бойынша жүзеге асырылады делінген. Қызметті дұрыс/қате қосу фактісі бойынша толық қызметтік тексеруді жүзеге асыру үшін абонентке 8 (7122) 586330 телефоны арқылы немесе aliya.urazova@telecom.kz электронды мекенжайына хабарласу сұралады.

Телефон арқылы сөйлескен кезде Әлия Оразова пакетке кіретін белгілі бір қызметтер туралы хабарлама абоненттердің электронды мекенжайларына жіберілетінін, келесі жағына есепшот-хабарлама көрсетілетінін атап өтті. Ауқымды жарнамалық науқан негізгі қызметке көңіл аудартады, ал, қалған түсіндірмелер компания қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.

- Ал, егер бұл қызметтер абонентке мүлдем қажет болмаса, ол тек телефонды немесе интернетті ғана төлей ала ма?

- Тек телефон байланысы немесе интернет қызметін алуға болады. Бірнеше пакет бар, ал, абонент өзіне ыңғайлысын таңдай алады.

НЕЛІКТЕН ТЕЛЕФОН НӨМІРІ ӨЗГЕРЕДІ?

Біздің ақпараттық технология ғасырында көп отбасы туыстарымен тек ұялы байланыс пен интернет арқылы ғана хабарласып, стационар телефонын пайдаланбайтын болды. Оларды телефонды ажыратып, тек интернет үшін төлеуге бола ма деген сұрақ қызықтырады. Жауапта айтылғандай, телефонсыз интернетті HDSL (Бөлінген желі) технологиясы бойынша қосуға болады. Алайда бұл қосылу түрі тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ғана қарастырылған.

Керісінше жағдай да орын алып жатады. Кезінде бір отбасы интернетке «Қазақтелеком» арқылы қосылып, оператор модемді өзі ұсынып, телефон нөмірін өзгерткен болатын. Қазір ол 50 нөмірінен басталады. Енді абоненттер интернетті ажыратқысы келеді. Ал, операторлар мұндай жағдайда оларға телефон нөмірін өзгертетіндерін айтады. Бұл немен байланысты? Сөйтсек, PON технологиясы бойынша талшықты-оптикалық кабель арқылы ұйымдастырылған абоненттік желі телефония, Интернет жүйесіне кіру (ID-Net) және теледидар (ID TV) қызметтерін қатар ұсына алады. Мұнда жабдық (модем) абонентке жауапкершілікпен сақтауға беріледі және ол телефония, интернет және телехабар қызметтерін кешенді қосуға арналады. Қызмет ұсыну технологиясы өзгерген кезде нөмірді өзгерту қажет, өйткені, қызмет ұсыну технологиясына қарай түрлі нөмірлік жоспарлар қолданылады.

Кейбір абоненттер «Қазақтелеком» АҚ төлем түбіртектерін жолдамайтындықтан телефон шоттарын төлеуді ұмытатындықтарына шағымданады. Бұл тұрғыда оператордың өз пікірі бар. «Қазақтелеком» АҚ жыл сайын қызмет жеткізушінің ай сайынғы есебі көрсетілген шот-хабарламаларды мекенжайларға жеткізу жөнінде келісімшарт жасайтынын мамандар растап отыр. Сонымен қатар ай сайын электронды-пошталық мекенжайларға телекоммуникация қызметін төлеуге шоттар жіберіледі. Бұл жағдайда тиісті шара алу үшін толық тексеру жүргізу керек. Телекоммуникация қызметтері үшін төлемдердің ай сайын толық мәліметін e-mail арқылы алып тұру үшін «160» телефоны арқылы тіркелу қажет.

БҰЛ ЖЕРДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ОРЫН ЖОҚ

Коммуналдық қызметтерді ең адал төлеп отырғандар зейнеткерлер екендігі сөзсіз. Бірақ қазір олар қиын жағдайға тап болып отыр. Өйткені, «Қазақтелеком» қызметтерін тікелей төлей алмайды. Тек өз пайыздарын ұстайтын терминалдар мен банктер арқылы төлейді. «Қазақтелекомға» өз клиенттерінің жағдайын түсініп, төлемді тікелей алуға не кедергі болып отыр?

Құлаққа оғаштау естілсе де, «Қазақтелеком» ұстанымына сәйкес, мұндай шаралар «клиенттердің ниеттестігін арттыру» мақсатында қабылданған: бүгінгі күндегі бүкіл қызметтер жиынтығын ақпараттық дүңгіршектер арқылы төлеу мүмкіндіктері туралы жұмыстар жасалған.

«Қазақтелеком» АҚ-ның кез келген басқа қызмет көрсетушінің пайдасына төлемақы алуға құқығы жоқ. Өйткені, бұл «Қазақтелекомның» негізгі қызмет түрі болып табылмайды. Сондықтан ақпараттық дүңгіршектер жүйесін тараптық ұйымға - «Orion Pro» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданған. «Қазақтелеком» АҚ қызметін төлеу кезінде алынатын қосымша комиссия пайызын «Orion Pro» ЖШС «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуынсыз есептеп, белгілейді.

Бұған қоса www.telecom.kz сайтында телекоммуникация қызметін комиссиясыз төлеуді қабылдау арнасы ұйымдастырылған. Телекоммуникация қызметін комиссиясыз төлеудің басқа бір әдісі – бірыңғай «Төлем» картасы болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ сервисінің жүйелік пункттерінде telecom.kz порталы арқылы төлемдер қабылдайтын демонүктелер ашылды. Оған кез келген клиент фронт-кеңсе мамандарының көмегімен телекоммуникация қызметтерін банктік кәртішкелер арқылы төлеуді үйрене алады. Алайда зейнеткерлерге бұдан жеңіл болмайды, олар үшін осы кәртішкелер мен «фронт-кеңселер» өте қиын мәселе. Әрі неліктен жеткізушілерге оның қызметі үшін тікелей, еш делдалдарсыз төлеуге болмайтынын түсіну де қиын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.