Атырау, 18 мамыр 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Облыстық мәслихат таныстырылды. Әкімнің тағдыры Астанада шешіледі (толықтыру: Ізмұхамбетов - Мәжіліс депутаты)

3 744 просмотра

23 наурызда облыстық мәслихаттың VI шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ жексенбі күні халық қалаулыларын атап шығып, оларға куәлік пен төсбелгілер табыстады.

Өткен шақырылымның депутаттарынан Әлия БЕКҚОЖИЕВА, Амангелді АБДОЛОВ, Александр ДУМЛЕР, Гүлнар СӘДУАҚАСОВА, Юрий КУСТАДИНЧЕВ, Ерсайын ДҮЙСЕМӘЛИЕВ, Ерсайын ИХСАНОВ, Асылбек

ЖӘКИЕВ, Бөріхан БЕРКІМБАЕВ, Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ, Сабыржан СҰЛТАНОВ, Сайын ҚУАНЫШЕВ, Сағындық ЛҰҚПАНОВ, Әділ ЖҰБАНОВ, Айбек ҒАБДУЛЛИН қайта сайланды.

Алғаш рет депутаттық корпусқа Ерболат БЕКТЕМІРОВ,

Людмила ЛИ, Қайрат ОРАЗБАЕВ, Ермекқали ЮСУПОВ, Нұрлы АЙТИЕВА, Гүлсина БАЙКЕНОВА, Ерлан ТІЛЕПОВ, Серік ИДРАНОВ, Диас СҰЛТАНОВ, Айгүл ҚАЛИЕВА (өткен шақырылымның депутаты Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТЫҢ қызы), Абат ТАСИМОВ пен Асқар БОПЫЛДЫҚОВ енді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы болып С.Лұқпанов қайта сайланды. Депутаттық комиссия төрағалары болып: бюджет, қаржы, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту бойынша – А. Тасимов; экология, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша – Е. Ихсанов; әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс бойынша – Ә. Бекқожиева; заңдылықтың сақталуы, құқықтық қорғау және депутаттық әдеп бойынша – А. Абдолов сайланды.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өткен шақырылым депутаттарына алғыс білдіріп, облыстық мәлихаттың жаңа құрамына табыстар тіледі. Өзіне қатысты ол бейсенбіде Астанаға жиналысқа баратындығын және «ол жерде бәрі айқындалады» деп ойлайтынын айтты.

Бүгін, 24 наурызда, "Нұр Отан" партиясының атынан сайланған 84 Мәжіліс депутатының есімдері белгілі болды, олардың қатарында Б. Ізмұхамбетов те бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

23 наурыз 2016, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.