Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ескі құбыр жарылды

Сурет
1 880 просмотра


17 наурызда Лесхоздағы №2 кәріздік сорғы станциясы (КСС) маңында өздігінен ағатын коллекторде ақау пайда болды.

«Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ хабарлағандай, апат дер кезінде анықталып, Авангард пен Лесхоз ықшамаудандарына нәжіс сулардың жайылуына жол берілмеді.

Қалдық сулардың төгілу ақауы 5 метр терңдіктегі диаметрі 1 метр құбырда орын алған. Апаттың себептері – құбырдың толықтай физикалық тозуы (коллектор 1972 жылы салынып, содан бері ешқандай жөндеу жүргізілмеген) және көп мөлшерде жауған жауын-шашын.

Бүгінде полиэтилен құбырлары мен сорғы агрегаттарын монтаждау жолымен нәжіс суларды төгудің уақытша сызбасы салынды. Кәріздік құбыр №2 КСС-ні айналып өтіп, «Голден Роуз» мейрамханасы жанындағы №5 КСС-тен қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі буландыру алаңына айдалады. Жарылған құбырды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Атырау су арнасының» басшылары апат қысқа мерзімде жойылады деп мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

19 наурыз 2016, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.