Атырау, 18 мамыр 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жолы болмаған зорлықшы алқаны қанағат тұтты

1 830 просмотра

№2 қалалық сот баспанаға қол сұғылмаушылықты бұзды, зорлық жасауға әрекеттенді және ұрлық жасады деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғынына үкім шығарды.

Қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Лаура САМАТОВАНЫҢ айтуынша, сотталушы С. зардап шегуші А-мен қылмыс жасағанға дейін таныс болған. Өткен жылдың шілдесінде олар көшеде кездейсоқ кездесіп қалады. Ал түн ортасында А-ның мекен-жайын және оның күйеуінің іссапарда екенін білетін С. оған «баруды» ұйғарған.

Оған есік ашпапты, сол кезде С. подъезд терезесі арқылы бесінші қабаттағы балконға өрмелеп шығып, пәтерге кірген. Ол әйелдің кішкентай баласын ұрып, содан соң әйелді диванға итеріп жіберіп, баланың көзінше оның үстіндегі киімін жұлып шеше бастаған. Бірақ әйел оның қолынан сытылып, подъезге жүгіріп шығып, көршілердің есігін соғып, көмекке шақыра бастаған. Сол кезде қылмыскер пәтерден құны 77 мың теңге тұратын алтын алқаны жымқырып, қашып кеткен.

Оны бірден ұстай алмады – ол біраз уақыт Мақаттағы достарында бой тасалаған. Содан соң пойызбен өз жеріне Шымкентке кеткен. Оны сол жерде ұстады.

Қылмыстық іс материалдарымен жете танысқан сот С-ны 149-бапта (баспанаға қол сұғылмаушылықты бұзу), 120 (зорлауға әрекеттену) және 188-ші (ұрлық) бапта қарастырылған қылмыстарды жасауда кінәлі деп танып, жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
18 наурыз 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.