Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аққыстауды да су басты

Сурет
2 600 просмотра


Редакциямызға Аққыстау поселкесінің тұрғындарынан нөсерлеп жауған жауынның салдарынан үйлері суға кетіп жатқаны туралы бірнеше қоңырау келіп түсті.

Мәселен, Любовь КУЗНЕЦОВА былай деп хабарлады:

-Ауладағы су тізеден асады, үйімді де су басып, енді әркімнің үйінде амалсыз қонып жүруіме тура келіп тұр. Барлық инстанцияларға хабарласқаныммен әлі бір көмек жоқ.

Қоңырау шалғандардың айтуынша, суға кеткен үйлердің құлап қалу қаупі бар. Ал, жергілікті әкімдік болса, су соратын техника бәріне бірдей жетпей жатыр дейді.

Осыған орай біз Исатай ауданы әкімінің орынбасары Артур ҚУАНЫШКЕРЕЕВКЕ хабарластық. Ол былай дейді:

- Біз қазір бұл проблеманы назарда ұстап отырмыз. Мұнай компаниялары және басқа да мекемелерді жұмылдырып, аудан орталығында суды мотопомпа, ваккум және басқа да техникамен тартып шығарумен 80-ге жуық адам айналысуда. Күні бүгінде 10 үйдің айналасын судан тазарттық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 наурыз 2016, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.