Атырау, 26 сәуір 10:18
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 864 просмотра

ТУРНИРЛЕР

Қазақ соқырлар қоғамының облыстық филиалында қимыл-тірек аппараты зақымданған және көзі нашар көретін 22 жасқа дейінгі мүгедектер арасында шахматтан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты болып өтті.

Жарыс облыстық мүгедектер клубының бастамасымен өткізілді, оған Атырау қаласынан, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға және Индер аудандарынан шамамен жүз адамдай қатысты. Шахматтан атыраулық Данияр Идаятов өзінің мықты екендігін көрсетті, ал, екінші және үшінші орындарды Нәжимеден Төлегенов пен Нұртай Өтежанов бөлісті. Олардың екеуі де Құрманғазы ауданынан. Дойбыдан Махамбет ауданы Алмалы селосынан келген Мейіржан Оңайбайға тең келген ешкім болмады. Өткен жылдың чемпионы атыраулық Мөлдір Қажымова бар-жоғы бірнеше ұпайға ғана есесін жіберіп, екінші орынды місе тұтты, үшінші орынды Құрманғазы ауданынан келген Асланбек Каматов жеңіп алды. Тоғызқұмалақ бойынша жүлделі орындарға Құрманғазы ауданынан келген Гүлбақыт Қайыржанова, Аружан Ғинаятова (Махамбет ауданы) және Мейрамбек Оқас (Индер ауданы) ие болды.

ЖҮЗУ

Теміртау қаласында 2002-03 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында жүзуден еліміз чемпионаты болды.
Жарысқа жаттықтырушы Иван Галкиннің жетекшілігімен атыраулық команда қатысып қайтты. Біздің спортшыларымыз бар күштерін салып, тырысып бақты, олардың көпшілігі ақтық жүзу сынына қатысты. Алайда, бір ғана медаль – «қоланы» өткен жылғы еліміздің чемпионы болған команда көшбасшысы Жәнібек Мүбиновке жеңіп алу бұйырды. Команданың қалған мүшелері өз нәтижелерін жақсартып, кезекті нормативтерін орындады: 1-ші разряд - Сабина Жәнгірова (50 және 100 метр еркін жүзу стилі), 1-ші разряд – Жәнібек Мүбинов (4 - 100 метр эстафета), 2-ші разряд - Ермұрат Нұрланов (50 метр еркін жүзу стилі), 2-ші разряд - Венера Жангірова (50 және 100 метр брасс әдісімен), 3-й разряд - Камит Нұржан (50 және 100 метров брасс әдісімен).

- Команданың басқа мүшелері, айталық, Әділхан Жауыр, Әлішер Таубаев, Перизат Мажитовалардың да командалық біріншілікте жоғары ұпайлар жинай алғанын айта кету керек, - дейді И. Галкин. – Команда 207 ұпай жинап, 17 команданың ішінен 10-шы орынды иеленді. Бізді алда тағы да Көкшетауда өтетін 2005 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасындағы біріншілік күтіп тұр.

БАСКЕТБОЛ

Астраханда өткен Каспий лигасы чемпионатының бірінші турында 2000 ж.т. «Атырау барыстары» баскетбол академиясының командасы тамаша өнер көрсетті.

«Барыстар» барлық матчта ұтып кетті: Дағыстан құрамасын (120:30), Астраханды (114:45), Әзірбайжанды (79:77) және Түркімендерді (100:88) есеппен тізе бүктірді. Қазір команда жаттықтырушы Саламат Торғаевтың жетекшілігімен сәуір айының ортасында Щучинскіде өтетін ҚР чемпионатының бірініш турына дайындалуда. Каспий лигасының екінші турын маусымда Бакуде өткізу жоспарланып отыр.

Жекпе-жек

Павлодарда панкратион және грепплинг бойынша еліміздің чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылар өздерінің иеленген медальдарының саны бойынша қарсыластарынан басым түсіп 1-ші командалық орынды жеңіп алды. Төменде сайыс нәтижесіне көз жүгіртіңіздер. Панкратион традишн (ерлер): «алтын» - Асланбек Ибрагимов, Саид Типаев, Жасұлан Хасимов, Мырзабек Қаутбаев, Адлан Абубакаров, Александр Ишин; «күміс» - Нұртілек Қонашов, Тохтар Рафхат, Денис Власов; «қола» - Думан Балмұханов, Амангелды Бекқалиев, Болат Басщанов.

Панкратион фулл-контакт: «алтын» - Н.Қонашов, Әділбек Қайырғалиев, Лев Винс; «күміс» - Талғат Жұмағалиев және Жасұлан Хасимов; «қола» - Т.Рафхат және Д.Балмұханов.

Пакратион фулл-контакт (қыздар) – Ақбөбек Ерғалиева.

Грепплинг: «алтын» - Л.Винс, А.Ишин, М.Қауытбаев; «күміс» - Райымбек Дүйсенов; «қола» - А.Абубакаров. Қыздар арасында «алтынды» А.Ерғалиева иеленді.

Грепплинг ги (кимоно): «алтын» - А.Ерғалиева және А.Ишин; «күміс» - Қайрат Шарипов және Ерсейіт Бралин.

КАРАТЕ

Актөбеде WKF-карате бойынша әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін 15-ші дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Башқұртстаннан, Ресейдің Орынбор облысынан, Бішкектен және Қырғызстанның Жалалабад облысынан және Қазақстанның басқа облыстарынан келген спортшылар қатысты. Атырау намысын «Қайсар» муай-тай және дәстүрлі карате клубының және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады. Балалар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Алтын медальды Әсел Серікова (ересектер арасынан), Бейбарыс Жамбыр (16-17 жас) және Нұрсұлтан Қалиев (12-13 жас) жеңіп алды. «Қоланы» Марат Жамбыр (ересектер арасында), 14-15 жас - Әбілмансур Батырғали, Фархат Алтайұлы, Айнұр Бокашева (14-15 жас) және Әлішер Асқарұлы (12-13 жас) иеленді.

САМБО

Кілем төрінде спортшылар мен әртістер және әкім

6-8 наурызда «Атырау» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан еліміздің чемпионаты өтті.

Жиналған жұртшылыққа жарысты ұйымдастырушылар жалығуға мүмкіндік бермеді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен керемет концерт болды және осы шарада сөз алған қала әкімі кезінде дзюдодан Қазақстан чемпионы болған Нұрлыбек ОЖАЕВ жас спортшыларға өзінің бір-екі байырғы тәсілдерін көрсетіп берді. Бастысы – жарыс өте қызықты болды.

Жарыстың алғашқы күні Атырау құрамасына алтын медаль бұйырмады. «Күміске» Анель СҮЛЕЙМЕНОВА (64 келіге дейінгі салмақта), Қалжан ТАЙЖАНОВА (72 келіге дейінгі салмақта) және Сұңғат ЗАКАРИЯЕВ (90 келіге дейінгі салмақта) ие болды. Ауыр салмақтағы (+100 келі) Кенжебек КҮЗЕМБАЕВ «қоланы» жеңіп алды. Соңғы екі күн Атырау құрамасына екі алтын медаль алып берді: Наурызбек МАЙЛАШЕВ (68 келіге дейінгі салмақта) пен Ержан ҚАБДЕЛОВ (82 келіге дейінгі салмақта) еліміздің чемпиондары атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

Бейнежазбаны областық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы ұсынды

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.