Атырау, 18 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

1 898 просмотра

ИНДЕР АУДАНЫ

Индер ауданы Бөдене, Құрылыс, Жарсуат ауылдарындағы былтыр салынған жолдарға жол белгілерін қою, сызбаларын жүргізумен бірге жаяу жүргіншілерге тротуар салу жалғасады. Сонымен бірге Индербор кентіндегі былтырдан бері басталған алты көшеге жол салу биыл аяқталады. Мердігері - «АИС» ЖШС.

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

Жылыой ауданындағы балалар кітапханасының қызметкерлері жастардың кітапқұмарлығын арттыру мақсатымен «Кітапханаға досыңмен кел» айлығын ұйымдастыруда.

Бүгінде 222 оқырманы бар кітапханада 9 500 кітап қоры бар. Оның жартысынан астамы - қазақ тілді кітаптар.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында жеке кәсіпкер Нұрболат ҚҰБАЕВ тәулігіне 700 бөлке нан шығаратын цехты іске қосты. Бұл өнім ауылды түгел жарылқамақшы.

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.