Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тәулік ішінде айлық жауын-шашын нормасы жауды

2 758 просмотра

14 наурызда таңертеңнен бері тәулік ішінде Атырау қаласында 19 мм айлық нормада 19,6 мм жауын-шашын жауды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК метеоболжам бөлімінің басшысы Күлайна МЫРЗАШЕВА хабарлады.

Осы сағатта ТЖД-ға жеке сектордағы үйлерді суға кетіп жатқаны туралы 62 хабарлама түскен. ТЖД-да «қызу желі» ашылды: тел. 45-41-75, 45-41-47, 45-07-00.

Таяу күндері облыс бойынша жауын-шашындар, кей жерлерде күшті нөсер болады, солтүстік-батыс бағыттан ұйтқып соққан жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

16, 17, 18 наурызда 2-7 градусқа дейін аяз түсіп, күн суытады деп күтіліп отыр. Ал Атырауда – 2-4 градус аяз, тайғақ, боран болады, содан соң күн жылынады деп болжанып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
15 наурыз 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.