Атырау, 18 мамыр 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әлиев бойындағы жол-көлік апаты

3 428 просмотра


Әлиев көшесінің бойында орын алған жол-көлік апатының орнына адамдар көп жиналып қалған. Күндізгі сағат екілер шамасында әуежай бағытына қарай созылып жатқан бір жолақты жол бойында пикап Toyota Hilux көлігі Kia Cerato көлігіне соқтығысқан.

Бүлінген Kia Cerato көлігіне қарағанда, өте қатты болған соққы жүргізуші жақтан тиген. Жүргізушілер мен оның жолаушыларын «жедел жәрдем» көлігімен алып кетті. «Тойота» жүргізушісі аса көп жарақат алмаған. Куәгерлердің растауынша, КИА шеткі оң жақ жолақпен қозғалып келе жатып, үшінші жолақтан дерлік бұрылыс жасамақ болған, бірақ бұрылып үлгермеген. Алайда КЖО-ның нақты себептерін тергеу ісі анықтайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

2 наурыз 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.