Атырау, 18 мамыр 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жағалаудағы жер: үлгергендер ұтты

2 613 просмотра

2015 жылы Атырау табиғат қорғау прокуратурасы Жайық өзенінің су қорғау белдеуі маңынан жер телімдері берілген бес фактіні анықтады.

Атырау табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, бес фактінің барлығы Махамбет ауданының әкімі аппаратының қызметін тексеру барысында анықталған.

«Негізінен бұл телімдер жеке тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысын салуға бөлінген. Жер үлестерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарылды, - деп хабарлады Қ.Өтеулиев.

Жалпы, прокурор растағандай, су қорғау белдеуі маңынан жер телімдерін ұсыну заңдылығының мониторингі Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мамандарымен тұрақты жүргізіліп отырады.

«2014 жылы, мәселен, біз осындай 20 жер телімін анықтадық. Алайда тексеру барысында олардың 2009 жылға дейін бөлінгені анықталды. Сондықтан прокурорлық әрекет ету актісін енгізу мүмкін болмады», - деп атап өтті ол.

Мәселе мынада. ҚР Су кодексінде (2003 жылы 9 шілдеде қабылданған) су қорғау белдеуі түсінігі бар, алайда жергілікті атқарушы органдар оның шекарасын нақты белгілемеген. Бұл тек облыстық әкімдіктің 25.03.2010 жылғы «Атырау облысы шегінде Жайық пен Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу туралы» қаулысы шыққаннан кейін жеті жылдан соң жасалды. Осы құжатқа сәйкес, бұл тыйым су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарға қолданылмайды.

Атырау облысындағы елді мекендер шегіндегі су қорғау белдеуі жағалық сызықтан есептегенде 100 метрді құрайды.

Mұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
2 наурыз 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.