Атырау, 26 сәуір 08:29
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Иран мен Ресей 40 миллиард долларға келісім жасасты

1 569 просмотра

Image 0

Иран Ресеймен құны 40 миллиард доллар болатын атом электр станциясын (АЭС) салу, темір жол және басқа да жобалар туралы келісім жасасты деп хабарлады Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейдің бас кеңесшісі Әли Акбар Велаяти.

4 ақпан, Мәскеуге сапарының соңғы күні Велаяти Ресей президенті Владимир Путинмен бірқатар жобаны талқылағанын айтты. Оның сөзінше, Тегеран Ресейден теміржол мен АЭС салу үшін несие алуға мүдделі. "Келісім жобаларына соңғы бірер айда қол қойылған және ол қазір іске асуға дайын тұр" деді Велаяти.

Әли Акбар Велаяти Иран бұған қоса Мәскеумен Ресейден қару-жарақ сатып алу және Ресейдің ең ірі мемлекеттік мұнай компаниясы "Роснефтьке" мұнай сатуды талқылап жатқанын да айтты.

"Иран "Роснефть" компаниясына күн сайынғы қажеттілігін өтейтіндей көлемде мұнай жеткізуге дайын және мұнай сату бірлескен жобаларды қосымша қаржыландыру көзі бола алады" деді Хаменейдің кеңесшісі.

Иран әлемдік державалармен жасаған ядролық келісім талаптарын орындаған соң қаңтардың ортасында бұл елге салынған экономикалық санкциялар алынған. Тегеран санкциядан босаған соң экономикаға барынша мол инвестиция тартуға тырысып жатыр.

Дереккөз: azattyq.org

5 ақпан 2016, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.