Атырау, 26 сәуір 17:31
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қырғызстан шенеуніктеріне аста-төк той жасауға тыйым салынуы мүмкін

3 235 просмотра

Image 0
Қырғызстан парламентінің бірқатар депутаттары «елдегі дәстүр, салтанат және ғұрып туралы» заң жобасын қоғамдық талқылауға салды. Құжатқа сәйкес мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлерге той немесе басқа да салтанатты отбасылық мейрамдарға 150 адамнан артық қонақ шақырып, қымбат сыйлық жасауға тыйым салынбақ, деп хабарлайды BNews.kz-тің Бішкектегі тілшісі.

Бастаманы көтерген азаматтардың айтуынша, аталмыш заң жобасы мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлердің той өткізуде көрсететін асқан ысырапшылдық пен даңғазалық қылықтарын тыю үшін жасалған. Сондай-ақ, мұндай қисынсыз әрекеттер дүниеден өткен туыстарды еске алу шараларында да байқалады.

Жоғарыда аталған қағидаларға қайшы келетін әрекет істеген шенеуніктерге қатысты хаттама толтырылып, оның қызмет етіп отырған мекемесіне жіберіледі. Ал мемлекеттік мекеме жауапқа тарту шараларын жүргізуі тиіс. Егер аталған заңды бұзған шенеуніктер жауапқа тартылмаса, мекеме мұндай ақпаратты БАҚ арқылы халыққа жария етуі міндетті.

Алайда құжатта бұл заңды іске асыратын нақты тетіктер мен бақылау жүргізетін мекеме туралы жазылмаған.

Дереккөз: bnews.kz

5 ақпан 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.