Атырау, 8 мамыр 18:50
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырауда жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлуді жалғастырады

8 418 просмотра

Қалалық билік жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлуді қайта жалғастырады. Биыл 1998-2003 жылдар аралығында арыз беріп, кезекке тұрғандарға жер берілмек.

2012 жылы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының бекітілуіне байланысты инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін ЖТҚ-ға жер телімдерін бөлу мүмкін болды. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Қуанышбек МАҚАШЕВ сол себепті Атырауда жер телімдерін бөлу уақытша тоқтатылғандығын еске салады.

- Қазіргі кезде ЖТҚ үшін жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтарға жалпы алаңы 2075,1 га аумаққа құрылыс салудың 21 жобасы әзірленді, - дейді Мақашев. - 12 872 жер телімін ұсыну жөніндегі өтініштер ойдағыдай қаралып, олардың көпшілігі бөлінді. Бұл Атырау ауылдық округіне, Зарослый маңы, Қайыршақты ауылдық округі және Талғайраңға қатысты.

Атап айтсақ, Ақжар ауылы – 646 телім, Ақсай – 975, Бірлік – 490, Водников 2 – 1096, Дамбы – 141, Еркінқала – 2 383, Жаңаталап – 695, Жұлдыз 3 – 890, Көкарна – 33, Өркен 2 – 240, Сарықамыс 2 – 228, Томарлы 2 – 280, Бесікті – 60, Нұрсая 3 – 294, Самал – 952, Тасқала 3 – 522, Атырау ауылы – 179, Көкарна (мұнай базасы) – 50.

- Қазіргі кезде құжаттарды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан біз кезекке тұрушыларды жеке бас куәлігімен және жері жоқ деген жаңартылған анықтамамен қалалық жер қатынастары бөліміне келуді өтінеміз, - деп нақтылады Мақашев.

Ол сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы бөліміне азаматтардың ағылып келуіне байланысты азаматтарды жеке мәселелері бойынша аптасына екі рет – сәрсенбі және жұмада сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін қабылдау туралы шешім қабылданғанын атап өтті (бұрын айына екі мәрте қабылдайтын). Қабылдау №2 терезе арқылы алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Бүгінде ЖТҚ-ға жер телімін алу үшін 69 мыңдай атыраулық кезекте тұр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 ақпан 2016, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.