Атырау, 18 мамыр 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ресми хабарлама

2 779 просмотра

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ КАТЕР АЛУ ТУРАЛЫ

Атырау облыстық ІІД-ге арнайы мақсаттағы FB 38STAB SF катері 2013 жылы мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық конкурс нәтижесімен алынды. Катердің жалпы құны 178 млн 571 мың теңгені (ҚСС-сіз) немесе 958 мың 488 еуроны (ҚҚС-ты қосқанда) құрады. Қос FPT қозғалтқышы бар базалық кешенді катердің құны, БАҚ көрсеткендей, 465 мың еуроны құрайды.

Жеткізушінің ақпараты бойынша, катердің жалпы құнына келесі шығындар кіреді:

- 95 мың еуро – қосалқы жабдықтар: навигациялық жабдық, радар, Intercom жүйесі, кемені басқарудың (порттағы маневрлер) ішкі блогы, артты көрсету камерасы, қару қоятын тұғыр, катердің алдыңғы бөлігіндегі айналатын орындық;

25 мың еуро – Алматыға дейін жеткізу, сақтандыруын қоса есептегенде;

117 мың еуро – елге кіргезгендегі баж салығы, 20%-дық есептеу;

84 мың 240 еуро – импорттық 12% ҚҚС;

Осылайша, кедендік рәсімнен кейін катердің құны 786 мың 240 еуроны құрады, дистрибьютордың маржасы - 20% (157 мың 248 еуро)

15 мың еуро – сатып алуды қаржыландыру, банктің ақша аудару комиссиясы. Қорытындысында Атырау қаласында катер бағасы 958 мың 488 еуроны (сол кездегі курспен 196 млн 490 мың 40 теңге) құрады.

Атырау облыстық ІІД-нің тапсырысы бойынша катер, БАҚ көрсеткендей, серуендеуге емес, Каспий теңізінің акваториясында патрульдік-инспекциялық қызмет атқаруға арналған арнайы жабдықтармен жарақталған. Катер әрқайсысының 500 ат күші бар қос дизельдік қозғалтқышпен жарақталған. Жалпы қуаты, БАҚ көрсеткендей, 300 немесе 350 ат күші емес, 1000 ат күшіне тең. Катер ең жоғары жылдамдықпен (65 узел) жүре алады.

Браконьерлік ортада катерді «Шайтан» деп атайды. «Су полициясының» қызметкерлері заңсыз айналымға шығарылған 166 тонна балықты, соның ішінде 5 тонна бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Бұл жұмыстарды атқаруда осы катердің де көп көмегі болды. 200-ге жуық жүзу құралдары ұсталып, тәркіленді, ішінде жылдам жүретін байдалар да бар.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі, 20.01.2016 ж.

20 қаңтар 2016, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.