Атырау, 18 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Ең алдымен орталық көшелерді тазартамыз»

2 194 просмотра

7 қаңтарға дейін Атырау көшелерінен 360 тоннадан астам қар шығарылды.

Қалалық әкімдік журналистермен «Арнаулы автобаза» КМК және басқа коммуналдық қызметтер өкілдері қатысқан кездесу өткізді.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИННІҢ айтуынша, жаңажылдық мереке күндері қардың бір айлық мөлшері жауған.

- Қарды тазалауға 90 арнайы техника бірлігі, «Арнаулы автобазаның» 250 қызметкері жұмылдырылды. Олар 12 сағаттық режиммен жұмыс істейді, 3 мәрте ыстық тағаммен қамтылған. Адамдар мен техника бар мүмкіндіктерінше жұмыс істеуде, осыны ескеруді өтінеміз. Ең алдымен орталықтағы көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары тазартылады, содан кейін күштер қосалқы көшелерге жұмылдырылады.

- Қар қайда шығарылады?

- Қар жиналған жеріне қарай шалғайдағы бос жерлерге төгіледі. Жұмыскерде Еріктің сыртына немесе айналма жолдың сыртындағы бос алаңқайларға, - деді «Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ. – Қазір түнгі уақытта сағат 21.00-ден таңғы 8.00-ге дейін арнайы техникамен тазарту мүмкіндігі шешілуде. Күндізгі уақытта жолдарда кептеліс тудырмас үшін техниканың негізгі басым бөлігі осылайша жұмыс жасай алады.

«Арнаулы автобаза» директоры жеке аулалардың қожайындарына аулаларына жиналған қарды өздері аула алдындағы учаскелерге шығаруды ұсынды:

- Көктемде су басу қаупі болмас үшін осы қарды кейінірек жеке сектордан өзіміз шығарамыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қаңтар 2016, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.